to, sans-serif; background-color: #f5f5f5;»>Осы аптадан бастап бүкіл қаланы қамтитын «Таза қала» акциясы өз жұмысын бастайды. Өтінім берген көшелер мен тұрғын үйлер өз аулаларын тазалап, көріктендіріп, комиссия мүшелерінің тексерісіне дайын болуы керек. Бұл кейбір тұрғындар үшін таңсық жағдай болса, кейбір азаматтар бұл үрдіске үйренген. Себебі «Таза қала» акциясы осымен сегізінші рет өтіп отыр. Әрбір қатысушы өз ауданындағы көше, тұрғын үйлермен жарысқа түседі. Осы орайда жасалынып жатқан әрекеттерден хабардар болу мақсатында Еңбекші ауданының есігін қаққан болатынбыз.
tories/08122019-12.jpg» border=»0″ />
to, sans-serif; background-color: #f5f5f5;»>
Бізді әкімнің орынбасары Александр Малаховтың өзі есіктен күтіп алды. Өз сөзінде тұрғындар өмірін жақсартуға келгенде кез-келген ұсынысты іске асыруға тырысатынын жеткізген болатын. «Таза қала» акциясы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар легін сұрағанда бізді халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас мамандарымен таныстырды. Бас маман қызметін атқарып жүрген Ақмарал Исаева мен Пернебек Айтжановтың осында қызмет етіп жүргеніне он жылдан асып кеткен. Сондықтан да болар, тұрғындармен де етене араласады, «Таза қала» акциясын осымен сегізінші рет тұрғындар арасында насихаттауда. Акция жайлы брошюраларды халық көп шоғырланатын жерлердің бәріне іліп тастағанын, тұрғындар қатысуға өте ынталы екенін жасырмады. Өткен жылы Еңбекші ауданынан 87 тұрғын үй, 41 көше өз араларында бақ сынасқан болатын. Бұл жылы бұл сан артпаса, азаймайды. Себебі, әдемілік пен тазалыққа бар адам құштар.
«Таза қала» акциясы тұрғындар арасында тек тазалыққа себеп болып отырған жоқ. Бұрынғы заманда бір көше түгілі, бір ауылда бірін-бірі танымайтын адамды табу қиын болатын. Басқа ауылға құдайы қонақ болып барсаң да, ауылың мен оның ішінде кімнің баласы екеніңді сұрайтын. Қазіргі таңда бір көшеде тұратын балалар бір-бірімен ойнамайды, бірінің үйіне бірі айттап та бармайды. Ал осы үрдісті бұзып, тұрғындарды жұмылдыруға «Таза қала» акциясы себеп болған көшелер де бар. Соның бірі Түркістан көшесінің тұрғындары. Бұл көшеге жаяу серуенге шықсаңыз, жанарыңызды сан түрлі гүлдер өзіне байлап қояры сөзсіз. Қала өмірінен жырақта, гүлдер алқабында жүргендей әсер қалдырады. Осының бәрі кезінде бір тұрғынның өз ауласына гүлдерді отырғызуынан басталған дегенге сенер ме едіңіз? Бұл игі істің қалай басталып, көшенің қалай құлпырғаны жайлы Зухра апайымыздан кішкене сұхбат алған едік.
to, sans-serif; background-color: #f5f5f5;»>– Бұл идеяны жүзеге асыруға басты стимул болған нәрсе не?
– Мен гүлдерге қызығып, баптап-күтіп жүргеніме қырық жылдай болды. Ес білгелі бұл менің ең сүйікті ісім. Ол кезде гүлдермен айналысу қазіргідей сәнді емес еді. Әркім өзінің үйінен қоқысты көше жақтағы ауласына шығарып тастайтын. Соңғы жылдары ғана мердігер компаниялар қоқысты алып кетіп бастады. Қала да бұрынғыға қарағанда тазарақ. Қалай «Таза қала» конкурсы басталды, мен де көршілерімді қатысайық деп үгіттей бастадым. Бес жыл бұрын бәрінің ауласы қоқысқа толып жататын. Есіктен шыға қалсаң тау-тау үйіліп жатқан ағаш қалдықтары, құм, тұрмыстық қалдықтар. Осы акцияның арқасында тұрғындарда талпыныс пайда болды. Комиссия мүшелері келіп, бізді мақтағанда көңіліміз бір көтеріліп қалатын. Бала кезімізден бізде отырған бір жүйе бар. Мектепке барғанда бізді бағалайтын. Мысалы, бүгін төрт алып қалсақ, ертең қалай да бес алуым керек деген сияқты. Байқағаным бойынша, осы бағдарлама біз есейгенде де санамызда қалып кетеді екен. Мақтауға лайық болайық деп бүкіл көше өз ауласын күте бастады.
to, sans-serif; background-color: #f5f5f5;»>– Осынша көп гүлді тұрғындар қайдан алған?
– Мен үш жылдан бері тізім жасап бастадым. Қазір тізімімде жүзге жуық адам бар. Онда кімге қандай гүл керек екенін жазып қоямын. Көктемде келіп өз тапсырыстарын алып кетеді. Мен жүзге жуық көшет қораптарын тегін таратамын. Неге тегін? Себебі, бұл көшеттер өте қымбат тұрады. Мен өзім дүкендерге барып көріп жүремін. Мысалы, астра, сентябринка сияқты гүлдер өте тез көбейеді. Базарда бір түбі жеті жүз теңге тұрады. Оны алуға бәрінің ақшасы жете бермейді. Ал менде оның жүздеген түптері бар. Мені көбісінің біле бастағаны осының арқасында шығар. Бірақ, олардың тілегі, рақметі маған үлкен демеу болды. Осыдан он жыл бұрын мен қатты ауырдым. Ол кезде артылған көшеттерімді есіктің алдына жай ғана қалдырып кететінмін. Кімнің алып кетіп жатқанынан да хабарым болмайтын. Ал қазір олар есігімді қағып, сұрайды. Біз отбасымызбен оларға отырғызуға дайын көшеттерді дайындап береміз. Олардың тілектері маған жетіп артылады.
to, sans-serif; background-color: #f5f5f5;»>– Басқа тұрғындар тарапынан қызығушылық бар ма?
– Әдемі болғандықтан да шығар олар көшемізді қатты жақсы көреді. Қоқыс тастауға да, түкіруге де қимайды. Гүлдерді де жұлып әкету деген жоқ. Мұның бәрі еңбекпен келетінін түсінді. Менің ойымша жастарға тек өз еңбегіңмен ғана үлгі бола аласың. Егер жазда кешқұрым біздің көшеге келсеңіз, мұнда мереке. Біреу гүлдеріне су құйып жатады, біреу сыпырып, біреу гүл егіп жатады. Осылайша бір-бірімізді білісіп, тани бастадық. Таразда тұратын туысқандарым неге біздің қаламызда осындай акция болмайды деп сұрап жатады. Көрші жатқан көшелер де өздерінің кішкентай балаларын алып, серуенге шығады. Көршілерім де соңғы бес жылдай қызыға бастады. Бір-бірімізбен көшеттермен алмасамыз. Бүкіл бақшамыз да, ауламыз да гүлге оранды. Тіпті картоп, қызанақ ексек те, арасынан арам шөп емес, гүлдер шығып тұрады. Енді, адам деген тек ішіп-жеп қана өмір сүрмейді ғой. Әдемілік әлемді жеңеді.
to, sans-serif; background-color: #f5f5f5;»>to, sans-serif;»>Егер осылай жалғаса берер болса, жақында Шымкентіміз көркейіп, гүлді алқапқа оранары сөзсіз. Ал гүл әрқашан да адамға жағымды эмоциялар сыйлайтын факторлардың бірі. Сондықтан, өзімізді өзіміз бақытты еткіміз келсе, басқалардың еңбегін бағалап, сол еңбекке үлс қосуға тырысайық.
to, sans-serif; background-color: #f5f5f5; text-align: right;»>Айжамал Махашова
Leave a Reply