«Бизнес және инвесторларды қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлер мәселесі шешілуде

Шымкентте «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында тағы бір инвестордың құқығы қорғалды. Бұл туралы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта өткен пресс-тур барысында хабарланды.

tories/08122019-19.jpg» border=»0″ />

Оның бірі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен Жоба аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған «Tumar Textile» ЖШС болып табылады. Аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі М.Әлімбековтың айтуынша құзырлы органдар тарапынан өтінішті қарау барысында әкімшілік кедергілерге жолығып, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен заңға сәйкес оң шешімін тапқан. Жобаның жемісін көрген ЖШС өкілінің айтуынша, аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізеді және бизнестің дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама. «Инвесторлар үшін жаңа бизнес идеяларын іске асыруға кедергі жасайтын мәселелер әлі де жоқ емес. Осыған байланысты Агенттікпен жоба жұмыстары қарқынды дамуда. Компанияны сүйемелдеу үшін адал бизнес жүргізуге міндеттелетін келісімге қол қою жеткілікті. Сондай-ақ, біз қолжетімді және ашық екендігімізді тағы да атап өткім келеді» — деп атап өтті Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Әбдінәбиұлы. Қазіргі таңда, Департамент тарапынан жоба аясында жалпы соммасы 53 млрд теңгеден астам құрайтын өзара іс-қимыл туралы 20 инвестициялық келісімге қол қойылған.

Айта кетейік, бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылады. «Protecting business and investment» жобасының мақсаты — қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика