Адалдық – адамдықтың белгісі

«Sanaly urpaq» жобасы аясында, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясында «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев қатысып, студенттерге парасаттылық құндылықтары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлі бойынша дәріс оқыды.

tories/08122019-20.jpg» border=»0″ />

Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаевтың айтуынша білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою және осы бағытта жастарды белсенді жұмылдыру мақсатында жоғарғы оқу орындары мен колледждерде «Sanaly Urpaq», ал мектептерде «Адал ұрпақ» жобалары жүзеге асырылуда.
«Жастайымыздан біз адал және әділ болуға, әрқашан жаңашылдықтарға ұмтылып, дамуға тиістіміз. Ұлы жазушы, ақын Абай Құнанбаевтың «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінезбен озады» — деген сөздерін ешқашан ұмытпауымыз қажет» — деп атап өтті спикер.

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев Жобалық кеңсенің жұмысымен студенттерді таныстырып, жақында қолға алынған «Ашық микрофон» жобасына қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарға мемлекеттік органдардың өкілдерінен нақты жауап алуға болатындығын жеткізді.

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу және жас ұрпақты жақсылыққа, парасаттылыққа үндеу, мұқтаж жандар мен көмек қолын созғысы келетіндердің арасын жалғау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ізгілік елшісі» жобасы қолға алынғандығы айтылып, Университет студенттері белсенділік танытуға шақырылды.

Дәріске университеттің 200-ге жуық студенті қатысып, аталған тақырыпта өз ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика