Шымкент Мәдени астана болуға дайын ба?

Бүгін студент жастармен кездестім. «Шымкент қаласы — 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы» тақырыбында азды-көпті әңгімелестік. Сұрақтар қойды. Мейлінше дұрыс нәрсе айтуға тырысқаныммен Шымкент қаласындағы кесенелердің (Бибі Ғияс ана кесенесі, Қызыр мұнарасы) жағдайы, көшеде түкіретіндер мен темекі тұқылын тастайтындарға айыппұл салу туралы сөз қозғалғанда «менің кінәм емес» деп айта алмадым. Кішкентай ғана іні-сіңлілерің «Неге біздің Шымкентте қала тазалығына нұқсан келтіретіндерге қатаң шара көрмейді?» деп сұрақ қойғанда, сол қызметке жауаптылар үшін бетің қызарады екен…

tories/091222019-3.jpg» border=»0″ />

Мәселені өзгелерден емес, керісінше, әркім өзінен іздеу керектігін айтып, барлық жастарды Мәдени астананың белсенді әрі ықпалды еріктілері болуға шақырдым.

Дәріс кезінде екі нәрсені байқадым. Біріншісі: мұғалім болған өзіме ұнап қалды. Екіншісі: Шымкент қаласын көпшілік Мәдени астана болуға дайын емес деп ойлайды екен. Дәрістен кейін ол ойларының дұрыс еместігін түсінді ме, әлде өздерін қызықтырған сұраққа жауап ала алды ма, студенттер қол соғып қошеметтеді.

«SILK WAY» Халықаралық университетінің және «Жол-көлік» колледжінің студенттерімен кездесуге ұйытқы болған Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығына» көп рахмет!
Бұл – күндегіден ерекше күн болды.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика