Этно-мәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қажымұқан атындағы орталық стадионда этно-мәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған спорттық сайысты қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Б.Байтешова ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

tories/09122019-10.jpg» border=»0″ />

Этнос өкілдерінің достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда көздеген іс-шараға қалалық этно-мәдени бірлестіктердің жанындағы жастар қанаттары мен оқу орындарындағы «Достық клубтарының» мүшелері қатысты. Командалар қол күресі, шахмат, үстел теннисі, ләңгі тебу, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.

Сайыс нәтижесінде бас жүлдені қалалық славян этно-мәдени бірлестігінің «Барыс» тобы жеңіп алса, І орынға өзбек этно-мәдени бірлестігінің «Достық» тобы ие болды. Ал ІІ орын шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің, ІІІ орын ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің атынан қатысқан командаға бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика