№80 мектепке қатысты даудың нүктесі қойылды

«Жаңа оқу жылы басында ата-аналар балалары «Нұрсәт» шағын ауданындағы бұрын монша болған ғимаратта оқып жатқанын айтып, «Nur Otan» партиясына шағымданған. Партия мүшелері мен ғимаратты жалға беруші және жауапты басқарма мамандары бас қосып, мән-жайды анықтады» деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының фейсбуктегі парақшасы.

tories/09122019-23.jpg» border=»0″ />

Партия филиалы басшылығы ғимарат иесі Д.Сарбасовқа өрт қауіпсіздігі, тазалық, таза ауыз су, әжетханасын санитарлық нормаларға сәйкестендіріп, жұмыстарды толық бітірген соң, тиісті құжаттарын рәсімдеуді ұсынған. Ол үшін партия филиалы тарапынан құжаттарын рәсімдеу жөнінде құқықтық көмек көрсетілген. Достияр Мұсақанұлы аталған жұмыстардың барлығын жүргізіп, мектеп құжаттарын рәсімдеп, заңдастырып, мәселені дер кезінде шешкен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалына өз алғысын білдірді.

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика