Кәсіпкерлік адамнан бар мүмкіндігі мен күш-жігерін өз ісі мен мақсатына жету жолына жұмылдыруды талап етеді. Кәсіпкерлік даму мен өсуге мүмкіндік береді.
Жеке кәсіпкерлік- бұл көңіл көтеру емес. Бұл күнделікті еңбек, өзіңе, ата-анаңа, отбасыңа,қол астыңда жұмыс істейтін адамдарға деген жауапкершілік. Кез келген адам тұрақты табыс алып отырған тұрақты жұмысынан бас тартып, өз ісін бастауға тәуекел ете алмайды.
Әр адамның мінезі оның мақсаты мен келешек бизнесін анықтайды. Табысты кәсіпкерлер төмендегідей мінездерімен ерекшеленеді:
— Олардың арманы бар
— Олар өз өнімі мен қызметіне сенеді
— Олар барлық уақытта бір нәрсе істеуге талпынады
— Олар өнертапқыш
— Олар өжет және табанды
— Олар пайданы көздейді
— Олар сәттілікке ұмтылады және келешекті жоспарлайды
— Олар табысты көздейді және бірнеше жылға алдын ала жоспарлайды
— Олар басқаларға қарағанда өз күші мен кемшілігін біледі
· Олар барлығын жаңадан бастауға қорықпайды
— Ақша олар үшін басты мақсат емес
— Олар өсуді қалайды
— Олар қызметінде тұтынушы негізгі рөл атқаратынын түсінеді
— Олар үлкен тәуекелге баратынын түсінеді
— Олардың тәжірибелері бар
— Оларды қорқыту қиын
Бизнесте мақсатқа жетуге және сәтті Кәсіпкер болуға болады, егер сізде :
— Білім
— Дағдылар
— Кәсіпкерлік қасиет
— Биік ынта-жігер, болса.
Бұл тізімдегі ең қарапайымы – білім. Білімнің бір бөлігі сізде бар және оны бұған дейін меңгергенсіз. Көптеген керекті ақпараттарды сіз әдебиеттерден, оқулықтардан, газеттер мен журналдардан, түрлі бағдарламалардан ала аласыз. Сіздің туыстарыңыз, достарыңыз және әріптестеріңіз өздерінің білімдерімен бөлісе алады. Білім көлемін ұлғайтуға болады және бұл қажет те. Үнемі оқу, оқу және тағы да оқу керек.
Дағдылар – бар білімді істе қолдана білуге қабілеттілік. Дағдылар қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасады. Сіз өз ісіңізді ашпайынша сізде құжаттарды дайындау дағдысы болмайды. Сіз адамдарды жалдап жұмыс істеткенге дейін сізде адамдарды басқару дағдысы қалыптаспайды. Сондықтан, адам өз бойында дағды қалыптастыру үшін бір нәрсемен айналысуы қажет.
Тұлғалық сипаттамалар – бұл адамға тән нәрсе, бір адамды екінші адамнан ерекшелендіреді. Сізге бойыңыздағы кез келген ерекшелікті пайдалану қажет. Сіз тек жақсы нәрсеге сеніңіз – бұл сізге сары уайымға салынуға мүмкіндік бермейді. Егер сіз барлығын баяу жасайтын болсаңыз – онда сіздің шешімдеріңіз де ойластырылған және жүйелі. Бастысы – өзіңе, өз күшіңе сену және адамдарды соңыңнан ерте білу!
Кәсіпкер үшін ең бастысы – ынта-жігер (бір нәрсеге ниеттену). Сіз өміріңізді өзгерткіңіз, жеке сүйікті ісіңізбен айналысқыңыз келеді. Сіз өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенесіз. Тәуелсіз болғыңыз келеді. Ақша тапқыңыз келеді. Сіз отбасыңызды бұған сендіре аласыз. Сіз өзіңіз де табысқа шынайы сенесіз. Бизнесті жүргізу адамды өзімен жұмыс істеуге, жетілуге және дамуға міндеттейді. Кәсіпкердің ең негізгі қасиеттерінің бірі өзіне және өз күшіне сенімділік болып табылады.
Адамның сенімділігі оның жүріс-тұрысынан көрінеді:
— ол өз ойын басқаларға нақты жеткізе алады;
— ол өз сезімдері мен эмоциясын көрсете алады;
— оның өзінің дербес көзқарасы бар;
— ол басқалардың да пікіріне құлақ асады;
— ол белсенді және алғыр;
— ол өз мақсаттарына жетуде табандылық танытады;
— ол дербес шешім қабылдай алады.
Leave a Reply