ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жариялап, 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауы болатынын айтты.
tories/000t.jpg» border=»0″ />
«Қымбатты Отандастар!
Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам. Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қ.Тоқаев Президент ретінде өзінің міндеті мен жауапкершілігін терең сезінетінін, аталған лауазымына кіріскеннен бастап өңірлерді аралап, халықтың көңіл күйімен етене танысып жатқанын жеткізді.
Одан бөлек, бұл шешім тарихи екенін айта келе: «Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет. Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!» деп, сөзін түйіндеді.
Leave a Reply