АСТАНА ЕЛДІГІМНІҢ АЙНАСЫНДАЙ

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 21.3pt; line-height: normal;» align=»center»>Астана елдігімнің айнасындай

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: normal;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: normal;»>Егеменді ел болып, көк аспанмен астасқан туымыз көгімізде желбірегелі қазақ елі тарихында жаңа кезеңнің басталғалы белгілі. Осы тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуы үшін ұлы мақсаттарды алға қойды. Ұлы дала тағдырындағы тарихи кезеңдердің бірі – елордамыздың Сарыарқа төсіне қоныс аударуы еді. Жаңа ғана тәй-тәй басқан елдің бұл бастамасына сырт көз түгілі өз ішіміздегілер де күдікпен қарады. Ұлт Көшбасшысының ертегідей көрінген идеясының нәтижесінде еңселі елордамыз Астана бой көтерді. Тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатын бұл кезеңдегі Нұрсұлтан Әбішұлының батыл қадамдары талайларды таң қалдырып, Қазақстан әлем назарына іліне бастады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: normal;»>Басында Астанаға бәйтеректі көруге баратын халық күннен-күнге көркіне көрік қосып, сәулетті үйлер мен зәуім ғимараттар бой көтеріп жатқанын көріп өздерінің болашағын Есілдің жағасындағы еңселі қаламен байланыстыра бастады. Иә, адам тағдыры іспетті қалалардың да өз өмібаяны, басқа жерлерге ұқсамайтын өз мінезі мен белгілері, тағдыры болады. Астана бодан болған елдің еңсесін әлеммен теңестірген елордамыз.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: normal;»>Ұлы дала ұрпағының бағы мен бойтұмары болған Астана — бейбітшіліктің пен берекенің мекені. Әсіресе, Астана күнінде баршамыз бас қалада болуға ынтығатындығымыз рас. Көкке самғаған бәйтеректі көргенде арманымыз асқақтап, Ханшатырды көрегенде көңіліміз марқайып, Есілдің жағасында жүргенде Сарыарқа самалы көмейімізге үн, жанымызға шуақ береді. Рухы биік халқымыздың абыройына айналған елордамыздың мерейі үстем болғай.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: normal;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 21.3pt; line-height: normal;» align=»right»>Айсара НҰРМАНБЕТОВА,

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 21.3pt; line-height: normal;» align=»right»>Әл-Фараби аудандық сотының судясы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика