Мүгедек жандар психологиялық және физикалық тұрғыдан мықты келеді

tories/_dsc0370.jpg» border=»0″ width=»258″ height=»161″ align=»left» />   Қазақ жетім  мен жесірін жылатпаған текті халық  деп айтып жатамыз. Айтуын айтамыз-ау, дегенмен  туа бітті мүгедек болған , сүрінген, жығылған, өмірдің ащы дәмін татқан мүгедек жандар көлеңкеде қалып жатады. Мүгедектер мен кемтар жандарды әр түрлі әлеуметтік  жәрдемақымен  қамтамасыз еткенімізбен, олардың  да жұрт қатарлы спорт орталықтарына барып спортты серік еткісі келетіні түсінікті. Алайда,елімізде санаулы ғана мүгедек жандарға  арналған мамандандырылған спор мектебі жұмыс істейді екен. Соның бірі Оңтүстік Қазақстан облысының мүгедектерге арналған кешенді мамандандырылған спорт мектебі.

 Соңғы айларда «Қызмет» газеті  бұған дейін облысымыздағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жайында қалам тербеуді  дәстүрге айналдырған болатын.  Сол дәстүрден жаңылмай, бұл жолғы алған бағытымыз Шымкент қаласындағы   жалғыз мүгедектерге арналған мамандандырылған спорт мектебі болды.

Мектептің тарихы 2007 жылдан бастау алады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы №22 қаулысына сәйкес 2007 жылдың науыз айында пайдалануға берілген.

Мамандандырылған спор мектебі дегенде, мектеп директорын айналып кете алмасымыз анық. Бүгінде бұл мектепке   Қазақ Ұлттық университетінің түлегі, филолог, бұған дейін бірнеше мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстаған  Абылаев Мұззравша-Жахангер  мырза басшылық етіп отыр.

-Сіздің   спорт саласына  қатысыңыз  қанша? -деген сұрақ қойылып жатады. Мен бұған дейін     Б. Саттарханов спорт мектебінің директоры қызметін  атқарған болатынмын. Спорт саласынан хабарым бар. Облыстық спорт басқармасынан ұсыныс түскен соң, осында қызметке келіп отырмын. Адам баласы ең бірінші жылы сөз бен жылы қарым қатынасқа мұқтаж.

Адамның жасы ұлғайған сайын өмірдегі кейбір құндылықтарға қайта қарайтын кездер болады екен. Мен осы қызметке келгенімде облысымыздағы мүгедек жандарға арналған барлық мектептерді аралап, өз көзіммен танысып қайттым.  Менің жаныма  қатты батқаны,  мүгедек болып дүниеге келген  балалардан, кейбір ата аналардың  түбегейлі бас тартуы. Ата анасы бас тартқан соң, ол балалар кейін қарттар үйіне өтіп кетіп жатады. Біз қазақ, егер баламыз, туысымыз қандай да бір келеңсіз жағдайға ұшыраса шіреген жұмыртқа деп қолды бір сілтей саламыз. Бұл дұрыс емес.  Мен мұны  дала халқының қатал мінезі деп  білемін.

Біздің мақсатымыз  осындай балалар мен мүгедек жандарды кішкене «үміт»  дәнекермен, алға ұмтылдыру. Ел елді аралап, кеміс туған мүгедек азаматтарды осында алып келіп спортқа баулыңдар деп жаттықтырушыларға айтып отырамын.

Бүгінде қазақ халқының рухы көтерілген, ойы да, танымы да өскен. Ол әрине, егемендіктің  жемісі. Қазіргі таңда мемлекетіміз спорт саласына барлық жағдайды жасап отыр. Сондықтан да  бүгінгі таңдағы спорт саласында жетістігіміз Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі десек асыра айтқандық емес -дейді Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған мүгедектерге арналған кешенді мамандандырылған спорт мектебінің директоры  Абылаев Мұззравша-Жахангерұлы.     

Мүгедектерге арналған мамандандырылған спорт мектебінен  бес жыл аралығында 1 санатты -50 спортшы шықса , Қазақстан құрамасын 25 спортшымен толықтырып отыр.  

Бүгінде бұл спорт мектебінің мақсаты айқын. Мүгедек азаматтардың  қоғамға бейімделуіне қажетті психологиялық жағдайлар жасалып, мүгедек жандардың әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндігін қарастыру  жолында  және спортта өз орындарын табуы жолында аянбай еңбек етіп келеді мектеп ұжымы.  

Мамандандырылған  спорт мектебінде 4 бөлім бар-дейді мектеп басшысы.  Атап айтар болсақ, параолимпиадалық бөлім,сурдаолимпиадалық  бөлім, үстел ойындары бөлімі, ақыл есі дамымаған спортшылар бөлімі. Мүгедек болса да, рухани күшті, жанының сау екенін дәлелдеп келеді  мұндағы спортшылар.

Бұл мектепте 5 жасар баладан бастап 50 жас аралығындағы азаматтар 22 оқу жаттығу тобына бөлініп, спортпен шұғылданады.   Тағдырдың сынына сағы сынбаған мүгедек жандарға иненің көзіндей үміт отын жағып, спортқа баулып  отырған бұл мектепте 400 спортшы бар. Көзі көрмесе де жүзуден алдына жан салмайтын, құлағы естімесе де, күш атасын танымайтын алыптар осында.  Мектеп басшылары сау адамға қарағанда кемтар, әртүрлі деңгейдегі мүгедек жандар психологиялық және физикалық тұрғыдан мықты келеді -дейді. 

Кезінде басқа спорт саласында жаттықтырушы болып жұмыс істеген  жаттықтырушылар  мүгедек азаматтармен жұмыс істегеннің көп қиыншылығы бар екенін айтады.

-Бұрын спортшылармен жұмыс істедім. Мұнда жұмысқа келгеніме көп бола қойған жоқ. Алайда аз уақыт аралығында көп нәрсеге қанық болдым. Өзіңіз спортпен айналысқан болсаңыз, хабарыңыз бар деп ойлаймын. Жаттықтырушы спортшыны кей жағдайларда сөзбен қуырып алады, ал, мұнда тіптен басқаша. Мүгедек спортшылардың  психологиясы мұндай жағдайды көтере алмайды. Сол себептен  спортшылармен қарым қатынас спортқа баулу кезінде жаттықтырушыларға айтарлықтай ауыртпалық түсетінін айтқым келеді. Оның үстіне құлағы естімейтін , көзі көрмейтін азаматтармен жұмыс істеу кезінде судаудармашыны арнайы алып жүреміз дейді осы мектеп  директорының орынбасары Тұрсынбаев Марат.

 Спортшылар спорттың бірнеше түрінен байрақты бәсекелерде бағын сынап жүр. Атап айтар болсақ футбол,мини футбол, баскетбол, волейбол, отырып ойнайтын волейбол, дойбы, шахмат, үстел теннисі, суға жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, боулинг, оқ ату, бадминтон, тоғызқұмалақ, грек рим, еркін күрес түрлерін айтпағандағы   17 спорт түрінен жаттығады. Спорт мектебінде тәжірибелі, жоғары дәрежелі бірнеше  30 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Оқу бөлімі бүгінгі таңда облысымыздағы барлық мектеп- интернаттарымен, соның ішінде  №1, «Үміт»,  «Мүгедектерге арналған арнайы кәсіптік мектеп», Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы «Тірек қимыл мүшелері зақымданған» мектеп- интернатымен, Ленгір қаласындағы «Құлағы нашар еститін, және естімейтін» мектеп- интернатымен, Сайрам ауданынындағы «Ақыл есі» дамымаған балаларға арналған қосалқы мектеп интернатымен тығыз қарым -қатынаста жұмыс жасап келеді.

Мектеп ашылғалы спортшылар халықаралық , республикалық көлемде өтетін жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүргендіктен осы уақыт аралығындағы жеткен жетістігі де жаман емес. 

Талдықорған қаласында 2007 жылы өткен паралимпиадалық ойындарда 10 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль алса, осы жылы Шанхайда өткен дүниежүзілік жазғы арнайы олимпиадалық  ойындарында боулингтен команда спортшылары 1 алтын, 1 күміс иемденіп жалпы командалық есепте қола алған болатын.

Ал, тірек қимыл мүшелері зақымданған бөлімшенің спортшылары 2007 жылы Малайзияда өткен пауэрлифтингтен Азия кубогіне қатысып 1 алтын, 1 қола иеленді.

2012 жыл  мектеп спортшылары үшін табысты жыл болды. Алматы қаласында өткен шахматтан 1 орын алса, грек рим күресінен Қазақстан біріншілігінде  жалпы командалық есепте 3 орын алып отыр.  Сонымен қатар еркін күрес пен отырып ойнайтын болейбол спорты түрінен елімізде үштіктен көрінген болатын. Ал, мектептің «сурдаолимпиадалық» бөлімі футболдан Қазақстан біріншілігінде 2 орын алған болса, дойбы спорт түрінен Қазақстан біріншілігінде 1 орын алып Оңтүстіктің мерейін үстем еткен болатын.

Бұл айтып отырғанымыз осы мектеп спортшыларының соңғы жылда жеткен жетістігі ғана. Тізбектеп айта берсек әрине бірнеше мақалаға арқау болары анық.

Әлемде  паралимпиадалық спорт саласына, спортшыларға  Араб елдері, АҚШ, Европа елдері қатты көңіл бөліп отыр. Тіпті,  халықаралық паралимпиадалық  ойындар кезінде бір спортшыны 3 адамның алып жүретінін айтады. Бейресми мәліметтерге  қарағанда мүгедек, кемтар жандар дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерде жиі кездеседі екен.

Жасырып, айтқысы келмей бұқпалағанымен бұл спорт мектебінің кейбір дүниелерге мұқтаж екеніне көзіміз жетті. Соның бірі мүгедек жандардың арнайы жаттығатын спорт базасының болмауы мен қоларбаның жетіспеушілігі . Арнайы спорттық база  мұндағы  мүгедек спортшылардың  бүгінгі арманы  болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы спорт басқармасының бастығы Полат Қырықбаевтың осы мектепке өзі ұсынған 3 коларбасы әжетке жарап тұр мұндағы жарым көңіл азаматтарға. 

Кешегі Лондонда өткен паралимпиадалық  ойындарына 7 спортшы аттаныпты осы мектептен. Өзге ел спортшылары  3 аяқты қоларбамен сайысқа түссе, біздің спортшылар 4 аяқты қоларбамен бақ сынапты.  Ал мамандар болса 3 аяқты қоларбаның  ыңғайлы, әрі жеңіл екенін айтады. Алғысы келеді қаржы болса.  Бағасы да, тым қымбат екен. Орта есеппен 10 мың АҚШ доллары деседі мамандар. Елміз деп көкірек қаққанымызбен   кемтар, мүгедек азаматтарға көңіл бөле  алмасақ елдігіміз қайсы? -деген сұрақ мазалайды осындайда.

 Нұрлан ӘЛІМБАЕВ,

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика