Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлікті өндіру, жүзеге асыру, оны сақтау, тасымалдау барысында заңды және жеке тұлғалармен ұйымдастырылып, өткізілетін эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау кезінде санитариялық ережелерінің қадағалануын бақылауды өндірістік бақылау дейміз.
tories/10122019-17.jpg» border=»0″ />
Өндірістік бақылау нысаны –шикізат, дайын өнім, өнімді дайындау кезінде пайда болған қедергілер, өнімді сақтау, тасымалдау және жүзеге асыру барысындағы технологиялық процесстегі сатылары. Өндірістік бақылаудың негізгі мақсаты – азық-түліктің сапасын және қауіпсіздігін сақтау, объектідегі санитариялық эпидемиологиялық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету.
Өндірістік бақылаудың негізгі мақсаты – тамақтан улану, жіті ішек жұқпалары және жұқпалы емес аурушаңдықтардың алдын-алу, объектідегі санитарлық заң бұзушылықтарға жол бермеу; заңнамада қарастырылған санитариялық эпидемиологиялық іс шараларды орындау және де тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану орындарында жүзеге асырылатын азық түліктердің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету сонымен қатар санитариялық ережелерінің қадағалануын бақылау.Өндірістік бақылау мақсаттары: тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану орындарында санитариялық- эпидемиологиялық алдын алу іс шараларының орындалуын, сонымен қатар санитарлық заң бұзушылықтардың алдын-алу; жіті ішек жұқпалары және жұқпалы емес арушаңдықтардың алдын-алу ескертпелерін бақылау.
Тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық ережелердің сақталуы және профилактикалық іс-шаралардың орындалуы, өндірістік бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асыру жауапкершілігі кәсіпорын, ұйым, мекеме басшысына немесе жеке кәсіпкерге жүктеледі. Заңды тұлғада немесе жеке кәсіпкерде өндірістік бақылау жүзеге асыруға жағдайы болмағанда, басқа ұйымдар арқылы келісім шарт бойынша белгіленген тәртіппен зертхана орталықтарымен бірге орындалады.
М.Д.Балтабаев
Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы
Leave a Reply