Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында еліміздің ұлттық құндылықтарын қадірлеу, оқырмандар бойына патриоттық сезім қалыптастыру, өз елін, Отанын сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық ойындар – ұлттық қазынамыз» атты топтық сайыс өткізілді. Іс-шараға Қазығұрт №66 жалпы орта білім беретін мектептің 5 «а»сынып оқушыларынан құралған «Қыран» және №52 мектеп-лицейінің 5 «а» сынып оқушыларынан құралған «Жалын» тобы қатысты.
tories/10122019-21.jpg» border=»0″ />
Алдымен сайысқа қатысушы әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін таныстырды. Сайыс 3 кезең бойынша өтті:
1 кезең бойынша интерактивті тақтадағы суреттегі ұлттық ойынның атын табу,
2 кезең: қол күрестіру, асық ату, аударыспақ сынды ұлттық ойындар бойынша,
3-ші кезеңде қоржындағы сұрақтар яғни асыққа байланысты өткізілді. Сайыстың үш кезеңі бойынша да №52 мектеп-лицейінің «Жалын» тобы белсенділік танытып, өздерінің білімді, топ болып жақсы жұмыс істей алатындарын, жылдамдықтарын көрсете білді. Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен «Жалын» тобы 1-ші орынды иеленді. Шара соңында сайысқа қатысқан балалар кітапхана атынан диплом және алғыс хаттармен марапатталды.
Ләззат Камбашева
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы өнер бөлімінің меңгерушісі
Leave a Reply