2024-09-23

Шымкентте Үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Ғалымқызы Балаева Шымкент қаласында Үкіметтік Емес Ұйымдардың басшыларымен кездесті.

tories/10122019-22.jpg» border=»0″ />

 

Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов, «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Бiлісбеков Жұмағали Дәулетбекұлы, тағы басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі А.Балаева Кәсіподақ қоғамдық бірлестігі – бұл республикадағы ең ірі және мүшелерінің саны ең көп, сондай-ақ жұмыскерлердің құқын қорғайтын бірден-бір қоғамдық бірлестік екенін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында түйткілді және өзекті мәселелер жөнінде әңгімелер қозғалып, өз кезегінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжанов Шымкент қаласындағы ұжымдық шарт жасасу жұмысы төмен деңгейде екенін, яғни 2019 жылдың басында жұмыс жасап тұрған жалпы 21661 кәсіпорынның 1035 (4,8% ғана) кәсіпорнында ұжымдық шарт жасалғанын, ал 20626 (95,2%) кәсіпорнында ұжымдық шарттар жасалмағанын, себебі оларда кәсіподақ ұйымдарының ашылмағанын айта келіп, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 156-бабына өзгеріс пен толықтыру енгізе отырып, ол бапқа «Барлық жұмысберушілер (меншіктік және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғалар) Ұжымдық шарт жасауға міндетті» деген қосымша 12-тармақ қосуды, яғни кәсіпкерлік субъектілеріне және басқа да заңды тұлғаларға ұжымдық шартты бекітуді міндеттеу туралы мәселені көтерді.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының 28 бабының 1-тармағында кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палатаның мүшелері болып табылатын заң нормасын Қазақстан Республикасы «Кәсіптік одақтар туралы» заңына да енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

М.Айтбай

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика