2024-09-23

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы халықтың үлесі

Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін дерт емес. Дегенмен, азаматтардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігіне әсер ететін заңсыз әрекеттерді болдырмаудың тетігі ол –халық. Бұл дерттің қоғамға таралу жолдарын алдын алып, оның ұлғаюына жол бермеу қажет. Ол үшін аталған дертке ел болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шыққанымыз болады.

tories/10122019-23.jpg» border=»0″ />

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеудің менталитетін қалыптастырсақ, сыбайластықтың алдын алудың бірден-бір жолы болар еді.

Осы мақсаттарды жүйелі түрде жүргізуге тағы бір серпін беретін «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бір бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірері күмәнсіз. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі ол – сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, заңды бұзған адам жауапсыз қалмаған. Оған дәлел – қазақ хандығының «Алтын ғасыры» аталған кезең. Көшпелі қоғам негізінде құрылған қазақ әділ соты өзінің бірегейлігіне қарай жалпыға бірдей қадірі артып, «Әділеттіліктің алтын ғасыры» деп аталғандығын айтуға болады. Халық жадында алтын ғасыр би әділдігінің және Тәуке хан билігінің кезіндегі заңдылықтың өркендеу кезеңімен байланысты. Осы кезде атақты «Жетi Жарғы» жарық көрді және оның негізгі бөлімдері:

  1. «Жер дауы» — мұнда жайылым мен суат туралы дауларды шешу жолдары қарастырылған.
  2. Отбасылық неке қию заңында некені қию, некені бұзу тәртібі, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтары белгіленген.
  3. Әскери заң, әскери міндетін атқаруды, бөлімдерді құруды және әскери бастықты сайлауды реттейді.
  4. Сот туралы ережеде сот ісінің тәртібі белгіленген.
  5. Қылмыстық Заңда өлтіруден басқа әртүрлі қылмыстар үшін жазалау түрлері белгіленген.
  6. Құн Заңында өлтіру және денеге ауыр зақым келтіргені үшін жазалау түрлері белгіленген.
  7. Жесiр дауында» жесірлер мен жетімдердің жеке және мүліктік құқықтары, сондай-ақ қайтыс болған адамның туыстарының оларға қатысты міндеттері реттелген.

«Жетi Жарғыға»сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тікелей қылмысты жасаған адам тартылады, сонымен бірге қауымның ұжымдық жауапкершілігі қағидасы кеңінен тараған. Егер жауапқа тартылушы сотқа келмесе немесе тиісті айыппұлды төлемесе, онда айыппұл бүкіл қауымға салынатын. Мұндай жағдайда қауым мүшелеріне жауапқа тартылушыға өз қалаулары бойынша жаза қолдану құқығы беріледі. Қазақтарда бас бостандығынан айыру сияқты жазалау шарасы да, абақты да болмаған. Зерттеушілер қазақтардың қылмыстық құқығының адамгершілігін атап өтеді. Тек жеке жағдайда ғана өлім жазасы қолданылған. Мұндай жағдайларға зорлау және біреудің әйелін ұрлау жатады. Үкімді орындайтын ешқандай арнайы органдар болмаған. Бұл құқыққа талапкер ие болған яғни, зардап шеккен тарап.

Билер сотының ең әйгілі ерекшеліктерінің бірі – оның руханилығында: қарастырылған даулардың рухани мазмұны әрдайым басым болды, билер ең алдымен қоғамда қалыптасқан адамгершілік нұсқауларды ұстануға тырысқан.

Қорытындылайтын болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «дайын ем» жоқ. Алайда, тәжірибеде қолданылып жатқан көптеген табысты мысалдар, әдістер, бар. Қазақстан өзінің ерекше менталитетін, адамгершілігін және жеке тұлғаға деген құрметін сақтай отырып, әрдайым басқа елдердің тәжірибесінен ең жақсысын таңдап алатындығымен, басқалардан үйренуге ұялмайтындығымен ерекшеленеді. Мұның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тәжірибесіне де тікелей қатысы бар.

Сондықтан, еліміздің тұрғындарын сыбайлас жемқорлықпен күресті бірге атсалысуға шақырамын.

Ғ. П. Мәуленқұлов

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика