Шымкент қаласы бойынша экология департаменті қандай жұмыс атқарады?

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті 2019 жылдың қаңтар айынан бастап өз құзыреті шегінде жұмыс атқара бастады. Негізгі қызметі — қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық талаптар сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету. Яғни, табиғат қорғау заңнамасының сақталуына қадағалау жүргізіп, тиісті шараларды қолға алады.

tories/10122019-28.jpg» border=»0″ />

Ағымдағы жылдағы 11 ай ішінде 50 табиғат пайдаланушыға тексеру жүргізілді, оның ішінде 40 тексеру азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз шағымдары негізінде тағайындалған. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жалпы экологиялық заңнаманы бұзудың 56 дерегі анықталып, жалпы сомасы 2 480 000 теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен бірге, экологиялық заңнаманы бұзу нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы да есептеліп, мемлекет пайдасына өндіріледі. Жылдың басынан жалпы сомасы 214 720 000 теңге құрайтын қоршаған ортаға келтірілген залал анықталып, табиғат пайдаланушыларынан өндіру жұмыстары жүргізілуде. Табиғат қорғау заңнамасының сақталуына қадағалау жүргізумен қатар департамент басшысы Шымкент қаласы бойынша экология саласындағы белсенділермен де жұмыс істеуге мақсат қойған. Мысалы, 2019 жылдың 8 тамызында қаламыздың экологиялық проблемаларды талқылау үшін қоғамдық бірлестікте анықталып, «Жасыл патруль», «Угам», «Улучшение качества жизни» бірлестік өкілдері департамент басшысымен кездескен болатын. Қазір, «Жасыл патруль» қоғамдық бірлестігі ғана заң бұзушылықтарды көрсетіп, бірнеше хат жолдап, белсенділік танытуда. Жиырмасыншы қараша күні Алматы қаласынан «Центр Содействие устойчивому развитию» қоғамдық қоры басшылығы келіп, пластик қалдықтарын қайта өңдеу мәселесінің Шымкент қаласындағы жағдайы талданды. Осы тұлғалардан басқа, қаладағы экология саласындағы белсенді азаматтардан департаментпен бірлесіп жұмыс істеу бойынша қандай-да бір бастамалар түскен жоқ.

Департамент қала тұрғындары үшін ашық мекеме, әлеуметтік желілер -Фейсбук және Инстаграмда парақшалары ашылған. Департамент басшысы әр аптаның сейсенбі күні азаматтарды қабылдау күні етіп белгілеген. Сондықтан, Шымкент қаласының экология проблемаларын шешуде бірлесіп атсалысуға, белсенді азаматтармен жұмыс істеуге әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.

А.Махашова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика