ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ШАҒЫНАУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ЖАРЫҚ ЖАҒАДЫ

Еңбекші ауданына қарасты Оңтүстік жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы аяқталды.  жобаға сәйкес сапалы электр қуатымен қамтылатын барлығы 933 үй болса, бүгінде аталған аумақта тұратын үй саны 20-ға таяу.
Қазіргі уақытта электр тарату бекеттері мен трансформаторларға электр қуаты берілді.
Ендігі кезекте, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Құрылыс жұмысы барысында 18 электр трансформаторы, қуаттылығы 10 кВ құрайтын 1 электр тарату бекеті орнатылды. Сонымен қатар, 28,5 шқ 10 кВ-тық және 52,2 шқ 0,4 кВ-тық электр желісі тартылды.
Ал Қаратау ауданына қарасты Тұран елді мекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылыстың 2-кезеңі былтыр басталып, биыл толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жүргізілуде.
Құрылыс кезінде 86,5 шақырым электр желісі тартылып, 21 электр трансформаторы мен 3 078 электр бағаналары орнатылды.
Абоненттеу аяқталған соң 3 058 үй сапалы электр қуатын тұтынатын болады.
Тұрандықтар бұған дейін электр қуатын тұтыну барысында 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге түседі.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік саяжай елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылады. Нәтижесінде 22 мыңға жуық халық сапалы электр энергиясын тұтынуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98%-ға жетеді.
Қаратау ауданына қарасты «Достық » шағынауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын. Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Тұрғындардың сұранысы бойынша, қосымша жобадан тыс көше бойына әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылуда.
Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.
Айта кетейік, мердігер мекеме есебінен электр энергиясы тұрғын үйдің алдына дейін жеткізіледі. Әрі қарай кабельді қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіріп, тұрғындар өз есебінен жүргізетін болады.
Қазіргі уақытта абоненттеу жүргізілуде. Жұмыс толық аяқталған соң Достық мөлтек ауданындағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Бұл туралы шаһар басшысының инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын қадағалауы барысында баяндалды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика