Сәрсенбі күні еліміздің көптеген аймақтарында боран соғады

tories/8ec2da0ebab0f81906487a3448ebe98c.jpg» width=»350″ height=»263″ alt=»8ec2da0ebab0f81906487a3448ebe98c» style=»float: left;» />

tom-style: solid; border-bottom-color: #dde1e4; font-size: 14px; font-family: arial, tahoma, verdana; line-height: 22px;»>

     Астана. 15 қаңтар. Baq.kz – Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне  байланысты еліміздің көптеген аймақтарында күн жауын-шашынды болады,  кей жерлерде боран соғады, жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады.  Тек оңтүстік-шығыста күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет»  РМК. 

        Ақмола, Қарағанды облысында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады,  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейде оның екпіні 23-28 м/с. жетеді. Алматы  облысында тұман түседі, Жалаңашкөл ауданына желдің екпіні 25 м/с. жетеді.  Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің  жылдамдығы 23-28 м/с. құрайды.

    Оңтсүстік Қазақстан облысының кейбір жерлеріне тұман түседі, көктайғақ  болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облысытарында боран соғады, 20 м/с жел тұрады. Қызылорда облысында жел күшейіп, боран соғады. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанған.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында боран соғады, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.құрайды. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде боран соғады, 15-20 м/с жел болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді.  

baq.kz сайтынан алынды

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика