tories/c04f0d84e96542d2185ce5e27b3843d0.jpg» width=»250″ height=»190″ alt=»c04f0d84e96542d2185ce5e27b3843d0″ style=»float: right;» /> 15 қаңтар. Baq.kz – Шымкент қаласында тұратын ҰОС ардагерлері мен соғыс мүгедектері және майданнан қайтпаған жауынгерлердің жесірлері қысқы маусымда жылумен тегін қамтылатын болды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардағы «3-Энергоорталық АҚ» басшысымен және ардагерлер ұйымымен бірлесе отырып, үш жақты меморандумға қол қойды. Енді осы құжат аясында Шымкентте тұратын 106 ҰОС ардагері, 16 соғыс мүгедегі, соғыстан оралмаған майдангерлердің 7 жесірі жыл бойы тегін жылумен қамтамасыз етілетін болады» делінген аталған хабарламада.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 221 ҰОС және 7 мыңнан астам тыл ардагері тұрады. Олардың 106-сы көпқабатты үйлердің тұрғыны.
baq.kz сайтынан алынды
Leave a Reply