СОТ ТӨРАҒАСЫ ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ…

Сот төрағасы өміріндегі ең қымбат сыйлығын алды…

tories/9.jpg» width=»448″ height=»275″ alt=»9″ style=»float: left;» />

Балалар үйі… «Балалар» сөзі жағымды естілгенімен «үй» дегенін құлағымыз «үркіп» қабылдайды. Ол түсінікті де. Өйткені, балалардың үйі отбасында, ата-анасының қасында болуы керек. «Жетімін жылатпаған» қазақта бұрын солай еді. Қазір басқа. Балалардың үйі болатыны санамызға сіңісті болып барады. Тек қана балалар тұратын үй.

Бүгінгі күні қазақ елінің жеткен жетістіктерін айтып тауыса алмайсың. Өзге елмен тереземіз теңесіп, бізге қызыға қарайтындардың саны арта түсті. Ең бірінші Тәуелсіздік, бұрындары болмаған зәулім-зәулім көпқабатты үйлер, ары-бері зулап кептелген көліктер. Жаугершілік пен ашаршылықты бастан өткеріп азаттыққа ұмтылған жігерлі елдің бүгінгі несібесі мол.Бір бөлмелі үйде он баланынң бірі болып өскен ата-ананың бүгінде бірді-екілі баласының жеке-жеке бөлмесі бар. Бәрі бар. Сол барларға «балалар үйі де» ілескен. Тәубә, қанағат іздеген адам сол үйлерге барса болады.Көңілі алаң үнемі белгісіз біреуді күтіп жүретін балалардың тіршілігін бақылап отырсаң көңіл-күйің астаң-кестең болады. Оларды көрген сайын мейірімділік пен қатыгездіктің арасын ажырата бастайсың. Сөйтіп тұрып, олар үшін қолын созар жандарды көріп жұбаныш табасың. Қамқор болар азаматтарды көріп қуанасың. Бізді қуантқан сондай азаматтың бірі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов болды. Мақтайын деп отырған жоқпыз, көзбен көргенімізді бөлісейін деп отырмыз.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы біраз уақыттан бері, нақтылай айтсақ соңғы төрт жылда балалар үйіне көмек беруді адамдық борышы көреді. Онысын әріптестерімен бөлісіп,бір-бірін қолдап бірлесіп ізгілікті істі қайнарынан асыра түседі. Облыстық білім бөліміне қарасты Сайрам елді-мекенінде орналасқан №4 балалар үйіне әр мереке сайын ұжымымен атбасын бұрып жылылыққа да, сыйлыққа да қарық қылады. Балалардың арасында жүргенде оның білдей бір үлкен облыстың сотын басқарып отырған лауазым иесі екені сезілмейді де. Судьялардың сұсы, бұл үйде ізім-қайым жоғалады. Жаңа жыл қарсаңында да солай болды.

Жаңа жыл әр баланың асыға күтетін мерекесі. Осы күнді күтіп жүріп олар армандарын хатқа тізіп Аяз атаға жолдайды. Балалар үйінің сахнасында жүріп жатқан бағдарлама осылай басталды. Биде биленіп жатыр, ән де шырқалып жатыр. Қонақтар бір сәт бала әлеміне еніп олармен сахнаның қызығын бөлісіп жүрді. Бала сияқты. Олай болмасқа амал жоқ. Баланы өтірікке, жасандылыққа сендіре алмайсың.

Шат-шадыман шақ осылай, ертегі әлеміне жетелеп кетеді. Ертегідегі сиқырлы айнаның көмегімен түрлі ұлттың өнері сахнаның сәнін келтіріп жатыр. Расыменде қызықты, бала болып армандағың кеп кетеді…

Сахнаға Нұрсерік Кәрімұлы шықты. Тілектің тиегін ағытты, балалардың сұрағына жауап берді . Өзі де риза, балаларда риза. Балалардың арасынан Нұрсерік Кәрімұлына ұқсағысы келетіндері де табылып жатты. Сый- сияпатсыз қандай мереке болсын. Балалар моншақтан әсемдеп жасаған жүректі ұсынды ағаларына.

-Бұл менің өмірімдегі ең қымбат сыйлық,-деп ағынан жарылды қуанышын жасыра алмаған облыстық соттық төрағасы.

Құр қол келмегенін айтып балалардың сүйіктісіне айналған әйгілі «Трансформерлер» фильміндегі кейіпкерлерді сахна төріне шығарды.. Сүйікті фильмдегі кейіпкерлердің кейпіндегі театр актерлерімен жолыққан балалардың жаңа жылдық кеші одан ары қыза түсті.

Бар нәрсеге уақытқа бағынады. Кеш бітті. Біз облыс орталығына аттандық. Артымызда арманшыл балалар «Келесі кездескенше» деп қол бұлғап қалды. Бәрі де жақсы орынды сиақты. Бірақ орны толмайтын бір кеңістік бар. Ол кеңістіктің не екенін Сіз де біліп отырсыз.Оны балалардың жазған хаттарына сай сыйлық алып келетін Аяз атада орындай алмайды…

Жарылқасын Үсентаев

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика