tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 35.45pt;»>«КЕЛЕСІ КЕЗДЕСКЕНШЕ, АРМАН!»
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 35.45pt;»>
tom: 0.0001pt;»>tories/arman.jpg» width=»448″ height=»271″ alt=»arman» style=»float: left;» />Арман… Арман… Арман-ай!!!
tom: 0.0001pt;»>Құдай-ау бұл қазақтың қан жылаған жүрегінен, шымырлап аққан
tom: 0.0001pt;»>қанмен жазылатын қасиетті сөзі емес пе еді!
tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 35.45pt;»>
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>«Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы». «Жат жердің қаршығасынан,
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>өз жеріңнің қарғасы артық». Бабаларымыз айтып кеткен осынау туған ел туралы нақыл сөздерді Вашингтонға барған сапарымда ерекше тереңнен ұғына түстім. Неге дейсіз ғой, мұндағы Чарльз бен Кристиннің отбасында өсіп келе жатқан қазақ баласы Арманның тағдыры мені қатты алаңдатты. Кішкентай Арман да «Туған үйдің түтіні жылы, туған ананың күтімі жылы» екенін сезеді. Өйткені ол өзге ұлттың тәрбиесінде болғанымен, оның жаны, қаны қазақ қой…
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>…Чарльз бен Кристин кішіпейіл жандар екен. Жылы шырайлы қарсы алды.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Гуд монинг!
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Бала дауысы шыққан жаққа қарасам қарсы алдымда 10 жасар қазақ перзенті тұр. Оны көргенде бет-әлпетінен сонау ауылда асыр сап жүрген қара домалақтардың қазақи жылы жымиысын бірден байқадым, таңқы танауының өзі «мен қазақпын!» деп айғайлап тұрғандай әсер қалдырды. Құдайым-ай, күлгені қандай сүйкімді еді. Еріксіз ұмтылып барып, бауырыма бастым. Басына ауылдан алып шыққан тақияны кигіздім. «Абай елі» атты қазақ, орыс, ағылшын тілінде шыққан кітапты тарту етіп тұрып:
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»> — Мұнда сенің елің туралы жазылған, – дедім.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»> -Санкью, – деді ол ағылшыншалап.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Арманға кіндік әке атанған Чарльз өте көрегенді, білімді адам екен. Бізді дастарқанға шайға шақырды. Көптен білетін таныстай сөзіміз жарасып кетті, әңгіме арасында:
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>–Арман деген қандай мағына беретінін білесіз бе? – деп сұрадым.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Неге білмейін. Орысша – мечта… — деп жылы жымиып қойды. Артынша ойлы қалыпқа түсіп:
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Қазақтың Арман деген сөзінің айтылуы, дыбысталуы сондай сүйкімді. Құлаққа жағымды. Арманның атын әдейі өзгертпедім. Балалы болу Кристин екеуміздің өмір бойғы арманымыз еді, — деді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Чарльз әлемнің талай жұртын аралаған, көптеген елдердің ішкі-сыртқы саясатынан толық хабары бар, АҚШ Конгресінің беделді қызметкері. Қазақстанда әлі болып көрмепті. Бірақ Моңғолияға сапар шегіп, Баян Өлгейге дейін барып, ондағы қандастарымыздың қолымен тоқыған кілемін әкеліп, Арманға тарту етіпті. Бұл да болса оның баланың ұлтына деген көңілінің дұрыстығы. Өзінің этностық ғұрпын, тегі мен ділінің байырғы бастауын білсін деген шынайы жанашырлығы екеніне көз жеткізгендей болдық.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Арманның ойын бөлмесі қазақтың ою-өрнегімен әспеттеліп, оң жағына кішкене киіз үйдің және домбыраның макетін қойыпты. Жылылығы өз алдына, бұл бөлме шағын қазақи мұражай сияқты сезілді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Менің таңырқағанымды байқаған отағасы: «Баламның өз ұлты, елі туралы білгені жөн ғой», – деді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Ауызғы бөлмеде жүрген Арман мен жаққа қайта-қайта жалтақтап қарай береді. Менің де назарым сол жақта. Көзінен сағыныштың табы байқалады. Онда адам айтып жеткізе алмас бір мейірім төгіліп тұрғанын жасыру мүмкін емес еді. Ақыры шыдамады білем, маржандай тістерін жарқыратып келіп мойныма асылды. Жүрегім езіліп кетті. Апыр-ау бұл не? Жанарым сулана бергені несі? Ол ағылшыншалап бірдеңелерді айтып жатыр. Мен не істерімді біле алмай, Чарльзді шақырдым. Сөйтсем, Арман: «Мына кісі кетпесінші. Біздің үйде, менің жанымда қалсыншы» деп тұр екен. Чарльз де таңданып: «Міне, қан деген, ген деген осы ғой. Сонау мұхиттың арғы жағынан келсеңіз де, сіздің өзіне туыс екенін сезіп тұр», – деп таңданысын жасыра алмай, басын шайқай берді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Көкейімдегі сан сұрақ мазамды қашырды. Арман мұнда қалай келген? Жұмысымыз шетелден бала асырап алу мәселесімен танысу болғанымен, таза қазақ баласын кездестіремін деген үш ұйықтасам ойымда болмапты.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Әуелде өмірге пенде болып келген соң, Жаратқанның маңдайға жазған тағдырынан асып қайда барамыз. Мұндайда ауылымыздың көнекөз қарияларының: «Тағдыр жазуы –Тәңір жазуы» дейтін сөзі есіме оралады. Бұл тек қана Арманның тағдыры деп қарамаңыз. Бұл біріншіден, адамның, екіншіден, мұхит асқан қазақтың бір болашақ ұрпағының тағдыры.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Орта ғасырдағы Бейбарыс сұлтан мен осы ғасырдағы Арманның арасынан бір сырды ажыратып аңдағым келді. Арман Вашингтонға қалай келді? Оның тағдыры қалай өзге ұлттың отбасымен сабақтасты? Бүлдіршіннің туған ата-анасы қайда? Бұл сұрақтарға Чарльз жауап берді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Осыдан он бір жыл бұрын Қазақстанның С. деген студент қызы мен Ж. деген жігіті бір-бірін ұнатып, кездесіп жүреді. Жастықтың жалынды махаббатына шомылған қызығы мол күндер өтіп жатады. Әттең, өмір бір орнында тұрған ба? Бір күні жігіт басқа қызбен үйленіп, отау көтереді. Сол кезде С-ның аяғы ауыр болатын. Ақыры арын ойлаған қыз сонау Ресейдегі Самара қаласына барып босанып, сәбиді сол жердегі балалар үйіне тапсырады. Арман деп атын қойған да анасы. Бәлкім баласын мұнан соң көре алмай қалатынын, күн өте келе баласын бір көруге армандайтынын білген болар. Ана жүрегі сезімтал келеді ғой.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Күн артынан күн өтіп жатты. Арман төртке толды. Бір күні Самарадағы балалар үйіне бала асырап алу үшін американдықтар келеді. Ресей мен Америка арасында жасалған келісім бар. Жалпы Ресейден шетелдіктердің бала асырап алуын қорғайтын арнайы заң да шыққан.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>…Чарльз бен Кристиннің таңдауы жүздеген баланың ішінен Арманға келіп түсті. Шіркін, сәби жүрек артынан ешкім іздепкелмейтінін сезген болар, жүзі жылы жандармен кеткісі келді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Бұл кезде өзінің басқа отбасы бар анасы Арманның Америкаға кетуіне рұқсатын берді. Ет жүрегі елжіреп тұрып, өз баласының «жаңа» ата-анасына соңғы өтінішін айтып, Арман он сегізге толғанда ел қатарлы оқыса екен деп «Арман хатын» жазды.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>«Қадірлі Арман!Сен бүгін он сегізге толып отырсың. Азамат болдың. Мені кешіреді және түсінеді деп ойлаймын…», – деп ағыл-тегіл егіліп отырып жазды.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>«Тағдырдың қожасы тағдыр ғана. Ал адам оның құлы». Иә, С. тағдырының мұндай қатал боларын біліпті ме? Енді ол үшін ұлының алдағы болашағында не күтіп тұрғаны беймәлім еді. Бірақ байғұс ананың тағдыр тәлкегімен тастап кеткен ұлымен бір күні жолығатынына сенемін. Арман, үміт алдамайды ғой…
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Арман қазір – 10 жаста. Суда жүзумен айналысады. Аптасына үш рет футболға барады. Осы кездесуде Арманға екі қазақша сөз үйреттім. «Сәлеметсіз бе?», «Рахмет» деген. Амандасу мен алғыс сезімін білдіру адам баласының ең бірінші міндеттері деп түсіндім. Неге екенін қайдам, «Қош болыңыз» дегенді үйреткім келмеді.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>«Келесі кездескенше, Арман!».
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Үйден алыстаған сайын артымда қалған Арманды ойласам, жан дүниемнің бір бөлшегі үзіліп қалғандай құлази бердім…
Иә, өмір қымбат. Сол сәт сонау Америкада тұрып жатқан қандасыңның жанжүрегіңді тебіренткен көңілі бәрінен де қымбат екенін сездіртті.
Әкім ЫСҚАҚ
Leave a Reply