tories/001eng1.jpg» border=»0″ />
Әлемдегі ең кең таралған тіл — ағылшын тілі екені анық. Ағылшын тіліндегі ақпарат саны әлемдегі неміс, қытай, испан және басқа да барлық тілдің жиынтығындағы ақпарат санына асып түседі. Соңғы инновациядан және жаңалықтардан құр қалмау үшін болашақ қазақстандық буын ағылшын тілін игеруі тиіс. Бұл әсіресе инженерия мен технологияларға қатысты. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық рейтингте («Education First» ағылшын тілін меңгеру индексі бойынша) 63 елдің ішінде 54-орында тұр.
Бұл рейтинг көшбасшылары несімен ерекшеленеді?
— халықтың әр адамға шаққандағы табысы жоғары
— жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмен
— адам капиталы деңгейі жоғары
— бизнес климат жақсы.
Шикізат нарығындағы ағымдағы және болжамды жағдайды ескерсек, үш тілде білім беруге өту біздің дамыған елдер қатарына «секіріс» жасаудың соңғы мүмкіндігі болмақ.
2016 жылдың сәуір айында «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының мамандары жүргізген зерттеудің нәтижесіне көз салсақ, ата-аналардың көпшілігі (81%) пайызы балаларының ағылшын тілін үйренгенін қалайды. 34% ата-ана мемлекет көмегінсіз қолдан келгенін жасап жатыр. 27 % ата-ана қосымша курстарға беруге мүмкіндігі болмай, бар үмітін мектепке артып отыр.
Қазақстандық мектептерде 2019 жылдан бастап «Қазақстан тарихы» қазақ тілінде, «Дүние жүзі» тарихы орыс тілінде (мектептің білім беру тіліне қарамай) оқытылатын болады. Ал жоғарғы сыныптарда (10-11 сынып) жаратылыстану циклінің «Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» – 4 пәнінен екі пәнді (оқушылардың таңдауы бойынша) ағылшын тілінде оқиды.
Мұғалімдердің өздері ағылшын тілін игеруі үшін 2016 жылдан бастап Назарбаев Университет және республиканың 15 ЖОО базасында барлық аймақтардағы «Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» пәндерінен сабақ беретін 675 мұғалімге 4 айлық курстар өткізу жоспарланды. Шараның мақсаты — ағылшын тілі білімін жетілдіру, пәндерді ағылшын тілінде беруді және сындарлы ойлау машықтарын (Critical thinking skills) дамыту әдістемелеріне үйрету; әртүрлі оқыту әдістерін, мысалы CLIL қолдана отырып, пәндерді ағылшын тілінде жүргізуді үйрету.
Сонымен бұл бізге не үшін қажет? Бұрынғы кеңестік лагерь елдері Эстония мен Польша 20 жыл ішінде ағылшын тілінің деңгейі жоғары елдер қатарына қосылды. Бұл нәтижелерге біз де қол жеткізе аламыз. Көз қорқақ, қол батыр.
Leave a Reply