Адвокаттық қызмет – жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі.
Қазіргі таңда елімізде білікті заң көмегін көрсету жүйесін дамытуға бағытталған шаралар қолға алынып жатыр. Ол Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен әзірленген «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заңы жобасы.
Жалпы алғанда, аталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасы 4 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім – «жалпы ережелер» заң көмегін көрсететін субъектілері мен оны көрсетілуінің жалпы шарттарын анықтайтын болады. Бұл бөлімнің нормалары құқықтық көмек көрсету қағидаттарын, құқықтық көмек көрсетудің түрлері мен нысандарын, заң көмегін көрсететін субъектілердің құқықтық жағдайын, заң көмегі саласында Үкіметтің және уәкілетті органның құзыретін және т.б. анықтайтын болады.
Екінші бөлімде – «Мемлекет кепілдік берген заң көмегінде» мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсетілуінің жалпы шарттары мен тәртібін реттейтін болады.
Үшінші бөлім – «Адвокаттық қызмет» – адвокаттардың заң көмегін көрсететін негізгі субъектілер ретінде құқықтық жағдайын (құқықтары мен міндеттері, кепілдемелері, қызметін сақтандыру); адвокаттардың құқықтық мәртебесін алуға негіздемелер (үміткерге қойылатын талаптар, тағылымдама, аттестаттау, лицензиялау, мүшелік шарттары); адвокаттық қызметтің ұйымдастыру нысандары, аумақтық адвокаттар алқасының басқару органдары, олардың өкілеттіліктеріне, адвокаттар алқасы мүшелерінің қызметіне, басқару органдарына бақылау жүргізу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, адвокаттар алқасы мүшелерінің адвокаттық қауымдастығының басқару органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану нормаларын көздейтін болады.
Төртінші бөлімде – заң кеңесшілерінің құқықтық жағдайы, заң кеңесшілерінің өзін-өзі реттеу моделі, заң кеңесшілерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі және шарты; заң кеңесшілерінің палаталарына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу шегі және т.б. анықталатын болады.
Е. МҰХАН,
Шымкент қаласы Әділет департаменті Абай аудандық әділет басқармасының инспектор, іс-қағаздарын жүргізушісі.
Leave a Reply