«Global», «Procoffee», «Chaplin’s», «Korizza» — Шымкенттегі кофейняларды ойлағанда алғаш еске түсетін атаулар. Соңғы кезде үшінші мегаполисімізде кофейнялардың санының артқанын статистикасыз-ақ, жай қаламызды бір айналып шықсаңыз да байқайсыз. Ендеше бұл үрдістің тұрғындар өміріне қандай өзгерістер алып келетінін және ненің көрсеткіші екеніне көз жүгірте өтейік.
tories/13122019-3.jpg» border=»0″ />
XVII-XVIII ғасырда Лондонға ағартушылық дәуірін енгізуде кофеханалардың ықпалы зор. Басында кофе ішуге тек еркектер ғана жиналатын. Себебі, шуға толы дәстүрлі тамақтанатын орындарға қарағанда оңашада бір-бірімен бизнесті, жобаларды талқылау ыңғайлырақ болған. Ол заманда қазіргідей интернеттің жоқ екенін ескерсек, бүкіл соңғы жаңалықтар мен идеялар кофеде көп жиналатын адамдарда болатын.
2000 жылдар басында елімізге батыстың кофе ішу үрдісі ене бастады. Адамдарға мейрамханалар мен кафелерден біртіндеп кофеханаларда кездесіп, мәселелерін талқылау ыңғайлырақ болды. Сондай-ақ кофеханаларға келу үшін арнайы бір себептің керегі жоқ. Жай ғана өзіңіз келіп, кофеңізді алып, кітап оқысаңыз да, музыка тыңдасаңыз да өркіңізде. Жалпы келем деушілерге мұндай жерлер фото-көрмелер үшін, кездесулер өткізу үшін өте қолайлы мекен.
Кофеханалардың негізгі клиенттері 18-35 жас аралығындағы тұрғындар. Бұл кофеханалардың мақсатты аудиториясына Шымкент сәйкес келеді дегенді білдіреді. Оған қоса кофе жұмысбасты, асығыс адамдар үшін жолай қолына қыстыра кетуге таптырмас сусын. Силикон алқабының (АҚШ-тағы Калифорния штатының оңтүстігінде орналасқан жоғары технологиялар индустриясының орталығы) басқа аймақтардан ерекшелігін зерттеген бір эксперт мынадай қорытындыға келеді. Қай жердің жастары ұмтылғыш, креатив пен инновацияларға толы болса сәйкесінше сол жерде кофейнялар саны да арта бастайды.
Кофеханалардағы басқосулардың жиілігін ондағы бағамен де байланыстыруға болады. Мұнда сіз мейрамханалардағыдай көп шығындалмайсыз. Ең алғаш кофеханалар ашыла бастағанда клиенттерді өзіне осылайша тарта бастаған. Қалтаңда 1 пенс болса да ұятқа қалмай, бір стақан кофе ішіп шығарыңа сенімді боласың. Кедейдің де, байдың да табалдырықтан аттай беретін. Қазіргі таңда қалтасының қампаюы шәкіртақыға тәуелді студенттер де жүрек жалғай алады. Мысалы, капучиноның орташа бағасы 600 тг. Қасына тәтті тоқаш алсаңыз 400 тг. Осылайша 1000 теңгеге 2-3 сағат құрбыңызбен сырласып қайтсаңыз болады.
Ең алғаш кофеханаға барғанда не ішеріңізді білмесеңіз, сол жерде жұмыс істейтін баристамен ақылдасыңыз. Кофенің қандай екенін оны дайындаған адамнан артық ешкім де білмейді. Басқаларынан арзандау екен деп американо алмаңыз, себебі кофенің ең ащысы және ешқандай қоспа қосылмай жасалатыны сол. Дәмі жұмсақтау кофе ішкіңіз келсе, латтені байқап көріңіз. Дегенмен, біздің қаланың аптап ыстығын басқыңыз келсе гляссеге тапсырыс беріңіз.
Бұрынғыдай кофе іздеп сандалмайсыз. Себебі орташа есеппен алғанда қала орталығында әр көше қиылысында бір кофехана тауып алуға болады. Кәсібін неден бастарын біле алмай жүрген азаматтар болса, біз кофехана басшыларымен ақылдасып көрііз дер едік. Күн сайын жастары дамып, гүлденіп келе жатқан қаламызда бұл табыс көзі көп күттірмей өз жемісін бере бастайды.
А.Махашова
Leave a Reply