Арнайы жасақ қызметкерлері балалар үйі тәрбиеленушілерімен таңғы жаттығу өткізді

«Жастар жылы» аясында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері №4 балалар үйінің балаларымен таңғы жаттығу өткізді. Мұнда 4-тен 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

tories/13122019-10.jpg» border=»0″ />

Полиция қызметкерлері балалар үйіне тұрақты барып тұрады. Спорт жаттығудан басталады, ал тәртіп сақшыларымен жаттығу — бұл біздің еліміздегі құқықтық тәртіп пен ұлт денсаулығының кепілі.

Полицейлер балаларға дене шынықтыру жаттығуларының кешенін көрсетті. Балалар полиция қызметкерлерімен бірге отырып-тұру, еңкею, аяқпен сермеу, секруді бар ынтасымен жасады. Жаттығудан кейін полицейлер жауынгерлік күрес тәсілдерінің элементтерін көрсетіп,балалармен қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады. Балалар денсаулық үшін пайдалы әрі көңілді уақыт өткізді.

Полиция қызметкерлерімен өткізілген іс-шараның мақсаты балаларды салауатты өмір салтына баулу және дене шынықтыру негіздерін үйрету болып табылады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика