Шымкент қаласының Полиция департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрімен бекітілген «Ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойған.
tories/13122019-20.jpg» border=»0″ />
Осыған орай ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ішкі істер органдарына қызметке келгісі келетін заң факультетінің студенттеріне Шымкент қ. Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қызметкерлерімен түсіндіру бойынша әңгіме жүргізілді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттерге тергеуші мен анықтаушылардың атқаратын қызметі туралы және оның қызығы мен қиындығы жайында айтып өтті.
Іс-шара аясында заң факультетінің студенттері арасынан «Жас заңгерлер клубын» ұйымдастыру туралы шешім қабылданды және алдағы уақытта тұрақты түрде клуб мүшелеріне дәріс сабақтары, байқаулар және т.б. іс-шаралар өткізіліп тұратын болады.
Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі
Leave a Reply