«Таза қала» акциясының жеңімпаздары марапатталды

Қазан айының соңында басталған «Таза қала» акциясы өз мәресіне жетіп, тұрғындар арасында жеңімпаздар анықталды. Бір жарым айға созылған бұл акцияда көшелер мен тұрғын үй алқаптарын әр он бес күн сайын комиссия мүшелері тексеріп тұру керек болатын. Аталған іс-шараның үздіктерін марапаттау үшін қала әкімі Ерлан Қуанышұлы келді.

tories/13122019-22.jpg» border=»0″ />

Тұрғындар мен үй старосталарын құттықтап, бүкіл қала азаматтарын қаламызды таза ұстауға өз үлестерін қосуға шақырды. Сондай-ақ, келесі жылы бюджеттен тұрғын үй қасбеттерін қайта жөндеуден өткізуге кез-келген азамат өтініш беріп, керекті қаражатты алуға болатынын жеткізді. Қаламыздағы тағы бір алаңдатарлық мәселе – көпқабатты тұрғын үйлердегі лифттердің істен шығуы. Зейнет жасына жеткен азаматтар 8-9 қабаттарға шығуға қиналатынын әкімге жеткізген. Бұл да шешілу керек кезекті мәселе екенін айтып, сөз соңында тұрғындарды ақшалай сыйлықтармен марапаттады. «Таза қала» акциясын ұйымдастырушы «Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков әр аудан әкімдіктеріндегі халықпен жұмыс бөлімінің басшыларын марапаттады.

Бұл акция 3 номинация бойынша өткен болатын. Олар «Үздік көше», «Үздік аудан», «Үздік аула». Өткен жылы Қаратау ауданы үздік болып табылса, биыл бұл мәртебені Еңбекші ауданы қанжығасына байлады.

А.Махашова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика