Еңбекші ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен акция өтті. Мұнда журналистер мекеме қызметкерлерімен бірлесе отырып халыққа қызмет көрсетіп, атаулы əлеуметтік көмекке байланысты құжат тапсыру барысымен танысты.
tories/0at.jpg» border=»0″ />
…Есіктен кірген соң:
1) Кеңес аласыз (кезексіз);
2) Құжатқа өтінім беру үшін кезекке тұрасыз (талонмен);
3) Өз кезегіңіз арқылы маман алдына келіп, өтініш қағаз толтырасыз. Бұл ретте тек жеке куəлігіңізді сұрайды. Ары қарай құжат қабылданып, базаға енгізіледі. Осыдан кейін 10 күн шамасында үйіңізге арнайы тексерушілер барып, атаулы əлеуметтік көмекті алу қажеттілігі бар-жоғын анықтайды.
Маман Ақнұр Бақытжанқызының айтуы бойынша, екі күндік қабылданған 420 құжаттың 23-і ғана əкімшіліктің арнайы тексеруінен өтпей қалған. Яғни, «қабылданып жатқан құжаттардың шамада 90%-ның иесі атаулы көмекті алады», – дейді. Одан бөлек, құжат қабылдаудың алғашқы күндерінде өте қарбалас болғанын жеткізді. Сол себепті Халықты жұмыспен қамту орталығынан қосымша қызметкерлер жұмылдырылыпты. Айта кетейік, Еңбекші ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бүгінге дейін 3500 шамасында құжат қабылдаған. Ал жалпы Шымкент қаласы бойынша 18 561 құжат қабылданып, 34 373 адам кеңес алған.
Аталған акцияны ұйымдастырушылардың бірі Сүндет Сейітов: «Бұл акцияны өткізудегі мақсат – БАҚ өкілдеріне нақты әрі сапалы мәлімет алуға мүмкіндік беру. Атаулы әлеуметтік көмекке байланысты халық арасында кейбір түсінбестік мәселелер мен ол кісілердің тарапынан қойылған сұрақтарға БАҚ өкілдерінің қолдауымен жауап беру», – дейді.
tories/0ku.jpg» border=»0″ />
Осы ретте атаулы әлеуметтік көмекке байланысты тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беру үшін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова әр аптаның сәрсенбі күні сағат: 9:00-11:00 аралығында халықпен жүздесіп жатқанын жеткізгіміз келеді. Қабылдау Халықты жұмыспен қамту орталығының мәжіліс залында өтуде. Ал жеке қабылдауға жеке куәлікпен тіркелу қажет.
Жеке қабылдау: Халықты жұмыспен қамту орталығы, Тел.87020893797, Мекен-жай. Бәйтереков көш, №89. Нұрсәт мкр.
Жеке қабылдауға тіркелу: Республика даңғылы, №12 үй (тоғыз қабатты ғимарат) тел.8707 847 47 15.
Еңбекші ауданы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы: Қапал батыр көш, №4
«Қызмет» ақпарат
Leave a Reply