Түркиялық дәрігерлермен бірге ота жасау үрдіске айналуда

        Жуырда Ахмет Яссауи университеті клиника-диагностикалық орталығында Түркияның Измир қаласындағы «КЕНТ» ауруханасының траматолог-ортопеді, доцент доктор Ибрахим Акел біздің клиникамыздың травматолог-ортопед дәрігері, м.ғ.к. Алмасбек Ахметовпен бірге тірек-қимыл жүйесінің сынықтары, буынды протездеу оталарын жасады.

tories/9677.jpg» width=»350″ height=»211″ alt=»9677″ style=»float: right;» />

        Нақтылап айтқанда, тізе буынына жалпы эндопротездеу отасы-4 науқасқа; жанбас-сан буынына тотальды эндопротездеу отасы – 3 науқасқа; артроскопиялық реконструкция жасау оталары — 4 науқасқа жасалды. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда алғаш рет иық буынындағы созылмалы ауырсыну мен қимыл-қозғалысының шектелуіне алып келетін ротаторлық манжет жыртықтары секілді патологияларына артроскопиялық технологиясы арқылы 2 науқасқа ота жасалды.
        «Түркістан қаласында Ахмет Яссауи клиникасының бар екенінен хабардармын. Түркиялық дәрігерлердің қатысуымен ота жасалады деген соң, дәрігер травматолог Алмасбек Ахметовке көрініп, кеңес алғаннан соң жанбас-сан буынына ота жасауға келістім. Әрине, Астанадағы, Алматыдағы орталықтарға барып ота жасатуға болатын еді, бірақ осы жерде де білікті мамандардың бар екенін естіген соң, оның үстіне Түркиялық мамандармен бірге жасайтынын білген соң қорықпай келіп ота жасаттым. Дәрігерлердің біліктілігі де, қызметкерлердің науқастарға деген сыпайы қатынасы да менің көңілімнен шықты. Клиниканың жабдық-талуы да керемет екен. Бұрын-соңды бұл клиника жайлы естімеген едім енді өз көзіммен көріп, көңілім толып отыр» — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Нұржамал Сардарова. 
        Осы іс-шара барысында ортопедиялық және травматологиялық тірек–қимыл жүйесінің ауыр патологиялары бар 30-дан астам науқасқа кеңес беріліп, 13 науқасқа ота жасалды. Жалпы 2013 жылдың қорытындысы бойынша, травматологиялық бағытта клиника-диагностикалық орталығында 47 науқасқа күрделі ортопедиялық оталар жасалып, 200-дей науқасқа жоғары деңгейдегі кеңес берілді.
Түркістан қаласының тұрғыны, зейнеткер Ибраев Өтжанның осымен тізеге отаны екінші рет жасатуы екен. «Алғаш рет сәуір айында дәрі-герге тексерілдім. Тізе буынына протез салмаса болмайды деген соң, Түркиялық мамандардың келе жатқанын естіп, ота жасатуға бел будым. Түркиялық дәрігерлердің келетінін хабарландырудан естіген болатынмын. Осылайша ота жасаттым. Қазір жағдайым жақсы. Үлкен қалаларда да бар ғой әрине, бірақ ол жерлерге баруға қол қысқа, квотаға ілігу де қиын. Өз қаламызда осындай оталардың жасалауы біз үшін үлкен қуаныш. Жалпы, бұл клиниканың жұмыс істеуі Түркістан халқы үшін Алланың берген сыйы деп ойлаймын. Осы 6 күннің ішінде қаншама науқас дертіне шипа тапты. Түркия-лық және өзіміздің дәрігерлерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Барынша қызметін көрсетіп жатыр» — дейді өз сөзінде зейнеткер ағамыз. 
        «Болашақта көрсетілетін қызмет түрлерінің саны мен сапасын ұлғайтып, жаңа ота түрлерін енгізу клиниканың негізгі бағыттарының бірі. Дәрігерлеріміздің біліктілігін арттыра отырып, аймақтағы науқастарға сапалы қызмет көрсету клиниканың басты мақсаты»-дейді клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Жандулла Накипов. 
Ә.ТӘШІМ,
Ербол ЗЕЙДУЛЛА.
Түркістан қаласы. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика