tories/elite-sst-dipping.jpg» width=»300″ height=»339″ alt=»elite-sst-dipping» style=»float: right;» />
Біз бүгін алда келе жатқан мерекелердің көркін ашатын, қонақтарыңызға қайталанбас көңіл-күй сыйлай алатын әрі табыс табуға кепілдік бере алатын кәсіп туралы сөз етпекпіз. Бұрын шоколадтың пайдасы мен зияны туралы көптеген даулар болды. Бірақ қазіргі таңда шоколадтың пайдасы ғылыми дәлелденді. Шоколад – депрессиядан арылуға көмектесетін керемет өнім. Ыстық шоколадқа қажеттіліктің өсуіне байланысты оның «шоколадты фонтан» атты жаңа формасы пайда болды. Бұндай шоколадты фонтан Еуропадағы мерекелерде өте танымал. Соңғы кезде олар бізде де орын ала бастады.
Шоколадты фонтанды үйлену тойларында, мерейтойларда, ұжымдық кештерде және балалар мерекелерінде қолдануға болады. Оны алғаш көргендер ұмытылмас әсер алады. Фонтан айналасына шоколадқа батырылған түрлі көкөністер мен кондитерлік өнімдер қойылады. Бұл дәмді әрі ерекше десерт және керемет шоу. Осындай қызықты және ерекше бизнес ұйымдастыруда шоколадты фонтанды қолдану сізге табыспен бірге рахат әкеледі.
Құрал-жабдықтар
Сізге тек фонтанның өзі ғана қажет.
Шоколадты фонтанның жалпы сипаттамасы: бірнеше қабаттан құрылған металдық құрылым. Құрылым электр жүйесі арқылы іске қосылады. Қабаттар шоколадты сұйылтатын арнайы ыдысқа орнатылады. Шоколад үздіксіз ағады және ерекше жұпар иіс бөледі.
Фонтандарды Англияда, АҚШ-та, Швейцарияда, Францияда және Қытайда өндіреді. Өндіруші компания өкілдері Ресейдің бірнеше қалаларында, сонымен қатар Қазақстанда да бар. Фонтан құрылымы оның көлемі сияқты әр түрлі болады. Биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін. Фонтанды іске қосу үшін ерекше біліктіліктің қажеті жоқ. Оны дайындау үшін екі сағаттай уақыт кетеді.
Егер қаржылық жағынан мүмкіндік болып жатса, екеуін алған дұрыс. Және сусындарға арналған фонтандарды алуға болады. Бірақ алғашқы кезге бір шоколадты фонтан және сусындарға арналған фонтан алған жеткілікті.
Технология. Көп жағдайда фонтанды жасауда құрамында көп мөлшерде какао майы бар шоколад қолданылады. Бұндай шоколад тез ериді. Түрлі өндірушілердің шоколадтарын қолдануға болады: швейцарлық, бельгиялық, француз, ресейлік. Шоколад қара, ақ және түрлі-түсті болуы мүмкін. Ол үшін жемістердің түрлі қоспалары қолданылады. Тәтті жемістер қышқыл шоколадпен жақсы үйлеседі, ал қышқыл-тәтті көкөністерді сүтті немесе ақ шоколадтармен қолданған жөн.
Өткізу. Түрлі мерекелер, үйлену тойлар, мерейтойларға фонтанды жалға бере аласыз.
Жалға беру бағасына жеткізу, орнату, фонтанды баптау және қызмет көрсету кіреді.
Жарнама жаңа бизнес үшін маңызды. Сұраныс пен бағаны дұрыс анықтау үшін ақылы демонстрациялық шоу ұйымдастыруға болады.
Болжамды есептеулер
Шығыстар:
— шоколадты фонтан – 100 000 теңге, ол фонтан биіктігі мен шоколад сыйымдылығына байланысты. Шоколад сыйымдылығы 1,4-4 кг болатын саудалық мақсатқа есептелген фонтан алған жөн.
— шоколадтың 2,5 кг-лық бір қорабы – 8 000 теңге х 5 қорап = 40 000 теңге.
— жарнама – 4 000 теңге.
Жалпы: 150 000 теңге.
Табыс:
1,4–4 кг шоколадқа лайықталған шоколадты фонтанды алайық. Фонтанға 4 кг шоколад және шамамен 7 кг көкөніс саламыз. Шоколадқа 13 000 теңге, 7 кг көкөніске – 3 000 теңге жұмсайсыз, сәйкесінше шығын 16 000 теңгені құрайды.
Жалға беру 30 000 теңге, бірінші және одан кейінгі сағаттар үшін 5 000 теңге, яғни екі сағатта сіз 35 000 теңге табасыз. Бұдан шығынның 16 000 теңгесін алып тастағанда, фонтанды бір рет жалға беруден 19 000 теңге көлемінде пайда көресіз.
Ал, енді ойланып көріңіз!
Leave a Reply