«Шымкент – шаттық шырағы» жыр мүшәйрасы мәреге жетті

Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шырайлы Шымкент: Береке басы — бірлік» қоғамдық форумы аясында «Шымкент — қайырымды қала» іс-шарасы өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған тағылымды жиында ұлық мерекенің қадірі насихатталып, қайырымды қала тұрғындарының мәртебесі жайында оралымды ойлар айтылды.

tories/17122019-8.jpg» border=»0″ />

Жиында саясаттанушы С.Мәжінбеков пен жазушы-журналист К.Айдарбекова, «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Ә.Сатыбалдиев Тәуелсіздіктің қадірі жайында мазмұнды баяндама жасады. Мегаполиске айналған қаланың тұрғындары қандай болуы керек екені жөнінде ой қозғады.

Сондай-ақ, басқосуда Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша және «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Шымкент – шаттық шырағы» жыр байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауға 40-қа жуық өтінім түсіп, оның 12-сі іріктеуден өткен еді. Әділқазылардың шешімімен бірінші орынды Арқалық Әмәлият жеңіп алса, Дәурен Айманбет — екінші, Арайлым Мұраталиева үшінші орынға ие болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика