«Ерлік ешқашан ұмытылмайды»

Тәуелсіздік мерекесіне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы «Ерлік» музейінде «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы бойынша «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында Ұлы Отан соғысының ардагері, партия жауынгері Ақымбеков Рүстембек Ақымбекұлын еске алу кеші болып өтті.

tories/17122019-11.jpg» border=»0″ />

Сырласу кешіне «Ерлік» музейінің ақсақалдар алқасының төрағасы Тыл және Еңбек ардагері, Шымкент, Арыс қалаларының Құрметті азаматы Ш.Медеуов, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қоғам қайраткері, Жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Байдулла Қонысбек, «Ерлік» музейінің ғылыми – тәжірибелік кеңесінің төрағасы, Қоғам қайраткері, Жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері М.Байғұт, «Ерлік» музейінің меңгерушісі, Қазақстан педогогикалық академиясының профессоры А.А.Құдайбергенова, Түлкібас ауданынан кеш иесімен қызметтес болған Н.Байғұт, Ж.Байбатшаев, ақын Е.Жүсіпбеков, ұлағатты ұстаз С.Тоғысбаев, Ақымбековтер әулетінің ақсақалы Ш.Ақымбеков, қарындасы, белгілі ақын Ә.Асылбековтың жұбайы Ф.Ақымбекова және жерлестері мен туыстары, ұл-қыздары сонымен қатар бақ өкілдері қатысты.

Іс-шара кейіпкерінің жәдігерлерінен «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында көрме жасақталды. Көрмеге 150-ден аса жәдігерлері қойылып, экскурсия жүргізілді. Кеш кейіпкерін еске алу кешіне 75-ке жуық қонақтар қатысып, терең де мағыналы еске алу кеші өтті. Кешті Тыл және Еңбек ардагері Ш.Медеуов ақ батасымен ашып, Жазушы М.Байғұт жүргізді. Р.Ақымбековтің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен өнегелі істері, өмірі мен еңбек жолы, қайырымдылық пен мейірімділікке толы келелі істері айтылып насихатталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика