2020 жылы қаламыз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы болып жарияланғаны белгілі. Одан бөлек, келесі жылы ЮНЕСКО көлемінде Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіледі.
tories/17122019-18.jpg» border=»0″ />
Жыл бойы ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерттері, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи қолөнер көрмесі, «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» ТМД елдерінің суретшілер және фотосуретшілер байқауы, драма театрлары, анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалі, Халықаралық ақындар айтысы және алғаш рет «Душа Евразии» I халықаралық эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі, ақын-жазушылардың кездесулері және тағы басқа іс-шаралар өткізіледі.
Leave a Reply