Шымкент қаласының Абай ауданындағы Исмаилов көшесі бойында 18 қаңтарда, сағат 11-30-да «Митцубиси» маркалы автомобильді жөндеу кезінде жеке ТҚС аумағында (автомобильдерге ұсақ-түйекті жөндеу жүргізіледі, жалпы ауданы 48 ш.м.) газ-ауа қоспасының (машина газ жабдығында болды) тарсылы орын алды. Өртсіз. Нәтижесінде ауданы 18 ш.м. үй-жайда есіктер мен төбе жаппалары зақымданған. ТҚС жұмыскері 1974 ж. т. және машина иесі 1974 ж.т. 4% бет пен қол күйігін алды, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД 10 қызметкері мен 2 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы шықты.
Шымкент қаласының ТЖ департаменті мына ережелерді еске салады!
МАҢЫЗДЫ!
Қызмет көрсету қызметкерлері ТҚС-да еңбекті қорғау ережелерін орындауы керек.
- Жұмыс процесіне тек осы саладағы тиісті біліктілігі бар қызметкерлерге рұқсат етіледі.
- Барлық қызметкерлерге жұмыс ережелері және жұмыс орнындағы қауіпсіздік туралы нұсқау берілуі керек.
- Ұйым қабылданған нормаларға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Қауіпсіздік ережелері мен нормаларын орындау үшін жауапкершілікті басшы көтереді, ол ТҚС өндірістік учаскесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
- Кәмелетке толмағандар, сондай-ақ жүкті және бала емізетін аналар химиялық заттармен, дәнекерлеумен, электр құралдарымен және пневматикамен, сондай-ақ көтергіш құрылғылармен жұмыс істеуге құқығы жоқ.
- Жөндеу және қызмет көрсету тек қажетті мөлшердегі арнайы киімде және қажет болған жағдайда қорғаныс құралдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
Б.Избасаров
Азаматтық қорғау полковнигі, Шымкент қ.ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
Leave a Reply