tories/muxtarbai-otelbaev.jpg» width=»200″ height=»226″ alt=»muxtarbai-otelbaev» style=»float: right;» />
Қазақстандық белгілі математик Мұхтарбай Өтелбаев тапқан Новье-Стокс теңдеуінің шешіміне америкалық 38 жасар ғалым Теренс Тао күмән келтіріпті. Бұл туралы Zakon.kz. сайты жазады.
Айта кету керек, Новье-Стокс теңдеуі мыңжылдықтың математикада шешілмеген жеті проблемасының бірі саналады. Бұған дейін осы проблемалардың бірі Пункаре гипотезасын ресейлік математик Григорий Пирельман шешкен болатын. Бұл проблемалық есептердің қай-қайсысын шешкен адамға Кембридждегі Клей математика институты миллион доллар сыйақы беруге уәде еткен.
Енді міне Мұхтарбай Өтелбаев ұсынған есеп шешімінің кей тұсына Теренс қарсы мысалдар келтірген.
Физика-математика ғылымының докторы профессор Махмуд Садыбековтың айтуынша, қазірше америкалық ғалымның қарсы мысалдарын ешкім қолдай қойған жоқ, жұмыс ғылым әлемінде жан-жақты талқылану үстінде. Теңдеу шешімі жарты жылдай зерделеніп, содан кейін барып арнайы комиссияға ұсынылады.
– Өтелбаевтың еңбегі әлемдік ғылыми қауымдастықта айтарлықтай жоғары бағаланып отыр. Егер кемшін тұстары болса, ол шамалы ғана, – дейді Махмуд Садыбеков.
Leave a Reply