Құқықтық мәдениетіңіз жоғары ма?

tories/ebdead815071c817482e0faa5b796a4c.jpg» width=»250″ height=»161″ alt=»ebdead815071c817482e0faa5b796a4c» style=»float: right;» />

       Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау қызметіне 1 жыл
       Осыдан тура 15 жыл бұрын ОҚО Ішкі Істер Департаментінің ӘПБ Әйелдерді зорлықтан-зомбылықтан қорғау тобы ресми құрылып, өз қызметін бастаған болатын. Бұл қызмет тобын 1999 жылы 19 ақпаннан бері ОҚО ІІД ӘПБ-ның Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Алма Серғазиева бас-қарып келеді. Содан бері аталмыш қызмет тобы жә-не оның аудандар мен қалалардағы бөлімшелері же-місті еңбек етіп, әлеуметке өз қызметін көрсетуде.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау дегеніміз не? Елімізде нарық экономикасы жағдайында әлеуметтік және тұрмыстық тұрғыдан келгенде жалпы қоғамдағы маңызды мәселерді шешуде отбасының ықпалы зор. Әсіресе, еліміздің нарық қатынастарына көшуіне орай әлеуметтік жағдайлар да көптеген өзгерістер әкелгені әлеуметтанушы ғалымдардың зерттеулерінен аңғарылады. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі тек біздің елемізде ғана емес, басқа мемлекеттерде де бұрыннан қалыптасқан. 
       Зорлық-зомбылықтың түрлі көрінісі қоғамды тоқырауға ұшыратады. Олар физикалық (әйелін, балаларын ұрып-соғу, денеге жарақат салу), психологиялық зорлық-зомбылық (сөзбен қорлау, кемсіту, қорқыту), экономикалық(жұмысқа орналастырмау немесе әйелдің қаржы шығындарына бақылау жасау) болып қана талданбайды, соның ішінде сексуальдық түрі (жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу) әлеуметтік зардабымен қауіпті. Өйткені, отбасында зорлықты көрген балалар келешекте осы жағымсыз тәжірибені өзінің жеке өміріне қолданады.Ал, ол ұлттың болашағы үшін аса қауіпті жағдай.
       Еуразия қоры жүргізген зерттеулер нәтижесі көрсеткеніндей, отбасындағы зорлық мәселесі Орталық Азия елдерінің шешімі күрделі проблемаларының бірі болып отыр.Зерттеу нәтижелері талдауларына қарағанда аталмыш проблемалар-дың басты себебі — елдердегі жұмыссыздық, тұрмыстың төмендегі, алкоголь және әйелді төмендету мәдениетінің орын алуы. Қоғамда орын алған келеңсіздікпен күрес жүргізу және оның алдын алу шаралары бойынша біздің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызметі нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен бірлікте түрлі семинарлар, тренингтер, қоғамдық-әлеуметтік зерттеулер жүргізуде. Жүргізген зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу, қоғамдық індеттің алдын алу шараларында жүйелі қолдануда. Қызмет тобы қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында: барлық құзырлы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өзара әрекеттестік пен ынтамақтастықта тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға тырысуда. Зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, зорлықпен күрес мәселелері бойынша семинар –тренингтер жүйелі өткізілуде. Жер-жерлерде арнайы өткен семинар іс-шаралар аясында әйелдердің құқығы туралы ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сонымен бірге отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстары қызметіміздің басты функциясы ретінде жүйелі жолға қойылған. Жалпы, еліміздегі, әсіресе өңіріміздегі кемшіліктің бірі де бірегейі біздің жерлестеріміздің (әсіресе әйелдер) құқықтық мәдениетінің төмендігі отбасындағы зорлы-зомбылықтың өріс алуына жетелейді. Гендерлік зорлық пен гендерлік теңдік мәселелері Орталық Азия елдеріне ортақ проблема ретінде күн тәртібінде түспей тұр. Қазақстан Республикасы БҰҰ аясындағы көптеген конвенцияларға мүше, адам құқықтары туралы конвенцияға қол қойған мемлекет. Соған қарамастан елімізде адам құқығы қорғалмауы фактілері жиі кездеседі. Бұл індетпен күресудің ең басты бағыты- адам құқығын қорғау(әрбір азамат өз құқығын білуі). 
       Өмірдегі басты құндылық – адам. Адам – факторы. 
       Осы орайда гендерлік зорлық пен гендерлік теңдік адам құқығы, мәселелерін БАҚ-та кеңінен түсіндіру де біздің қызметіміздің ажырамас бөлігіне айналды.Осы ретте әйел азаматтарға айтарымыз: 15 жыл өздеріңізбен бірге осы бағытта жүйелі жұмыс жасап келе жатқан біздер – алдағы кезде де Сіздердің құықтарыңызды қорғауға әзірміз.
М.ДОСЫБЕКОВА,
Түркістан қаласы ҚІІБ ӘПБ-нің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының
aға инспекторы, полиция майоры.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика