ӘДЕПТІ ӘЛЕМІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН ЖАН

Әдепті әлемімен ерекшеленген жан

Өмірзаялық пенде ғұмырдың бақыты — ұрпақ жалғастығы екенінtories/aray.jpg» width=»325″ height=»448″ alt=»aray» style=»float: right;» /> Гүлнар бала кезінен сезініп өсті. Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданы, Балдыберек ауылында дүниеге келген Гүлнар бала кезден –ақ ата-анасының қуанышын еселеп жүрді. Сезімтал қызының болашағынан ата-анасы үлкен үміт күтетін. Сол үміттің ақталғаны қыздары ауылындағы орта мектепті үздік тамамдады. Арман қуып алысқа аттанбады, адам жанының шипагері атансам деген әдемі үміті Ленгір қаласындағы медициналық училищесіне жетеледі. Табиғатынан зерек қыз оқу орнында ізденісті ыждағаттылығымен ерекше көзге түсіп, оқу орнын үздік тамамдады.

Алғашқы еңбек жолын бастаған кезі әсте есінен шыққан емес. 1994 жылы Шымкент қалалық №2 перзентханаға акушер болып қабылданғанда қиын әрі жауапты мамандық иесі екенін жүрегімен сезінді. Құрсағындағы перзентінің жарық жалғанға шығар сәтін жүрексіне әрі тағатсыздана күткен ана, шар етіп іңгәлай келетін сәби тағдырына жауаптылық жүрегін ерекше сезімге бөлейтін .Мамандығын айрықша жақсы көреді. Алғаш жүрексіне перзентхана есігін аттап, акушер атанған Туғанбаева Гүлнар Жұмашқызы сол перзентханада 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде аға акушер қызметін атқарады. Аялы алақанының арқасында көптеген баланың жарық дүние есiгiн ашуына куә болып кіндік шеш атанған акушер Туғанбаева Гүлнар өз ортасына сыйлы, өзінің әдепті әлемімен әдемі.

Оның күнделікті өмірі бір-біріне ұқсамайды. Перзентханада әр түрлі тағдыр иелерімен жүздеседі. Бір шаранаға зар болып,сан жылдардан кейін ана атанған аналардың қуанышына талай ортақтасты. Ұлт байлығы- дені сау ұрпақ болса, ана денсаулығына ерекше мән беру керектігін үнемі қайталап отырады. Баласы шетінеп қамыққан ананы көргенде жүрегі қосыла сыздайды. Ана мен бала өлімі азайса деген тілек тұтастығы оны үнемі ізденістерге жетелейді. Ана бақыты, дені сау ұрпақ қамы үшін білімін жетілдіруден ешуақытта жалыққан емес. Өз тәжірибесін үйретуден де жалықпайды. «Босанғаннан кейінгі қан кету кезіндегі алғашқы көмек», «Нәрестелер реанимациясы» тақырыбы бойынша ұсыныстар мен ойларын тәжірибе алмасу бағытында бірігіп жұмыс істейтін Литва мамандары өте жоғары бағалады.

СОП алгоритмі бойынша жұмыс барысында күре тамырға, бұлшық ет астына инъекция жасауды, қан қысымын өлшеуді меңгерген маман ауыр дәрежедегі преэклампсия, эклампсия, босанғаннан кейінгі қан кету, анафилактикалық шок кезінде және ауыр дәрежеде туылған нәрестелерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек және психологиялық көмек көрсете алады.

Білікті маманның сан жылғы ерен еңбегі елеусіз қалған емес. Орталық басшылығы,кәсіподақ ұйымы, жергілікті «Нұр Отан» партиясы тарапынан берілген алғыс хаттардың иесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Жыл акушері» атанғаны тағы бар. Көп марапаттың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал – лейтенант Бақытжан Ертаевтың Алғыс хатының орны ерекше дейді,Гүлнар Жұмашқызы.

Ал одан үлкен марапат дүниеге сәби әкелген әр ананың жан-жүрегімен білдірген ықыласы.Ол ықылас пен қуанышқа әлемнің ешбір сыйы сай келмейді, оны сезіну керек, дейді жүздеген сәбидің кіндік шешесі. Кім біледі солардың арасында талай халық қалаулысы, халық қаһарманы, білімдар, іскер азаматтар өсіп жатқан шығар. Осылай ойлағанда мамандығыма деген құрметім арта түседі. Бұл кез-келгенге бұйыра бермейтін бақыт.

Осыны айтқанда кейіпкеріміздің жүзі нұрға толды. Кәсіби мерекесімен құттықтай барған біз де оның пікірімен келістік.

Зылиха Жантас

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика