Көктемгі су тасқыны – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс. Биыл «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, Түркістан облыстарының таулы аймақты аудандарында және Шымкент қаласында, көктем айларында нөсерлі жауын-шашынды болмақ.
Осыған орай, толассыз жауған жауын-шашынның соңы сай-саладағы, тау бөктеріндегі қардың тез еруіне әкеліп, еріген су өз арығына сыймай ағуы мүмкін. Сол себепті, сақтық шараларын алдын-ала жасаған жөн. Атап айтқанда, каналдар, арықтар мен құбырларды күл-қоқыстан тазартып, ретке келтіру қажет.
Сонымен қатар, сырғыма қаупі де туындауы мүмкін екенін ескертеміз. Төтенше жағдайлардың алдын алу немесе болдырмау мақсатында, ауа-райы жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Leave a Reply