ПАРАЗИТ ҚҰРТТАР ӨТЕ ҚАУІПТІ

Паразит деген ұғымның өзі гректің «para» – жанында, «sitos» – қоректену деген сөзінен шыққан. Белгілі бір организм (паразит) екінші бір организмде (иесінде) тіршілік етіп және сол иесін қорек ретінде және мекен ететін ортасы ретінде де пайдаланатын жануар. 

Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (Leuckart, 1879). Лейкарттың анықтамасы бойынша паразит дегеніміз – бұл бір организм басқа организмде қорек және баспана табатын тірі организмдер.

Паразитарлы инвазияның себептері:

  1. Жеке гигиенаның бұзылуы;
  2. Ішек құрттары жұмыртқасының қабығын бұзатын асқазан сөлі секрециясының бұзылуы;
  3. Иммунитеттің әлсізденуі;
  4. Қалыпты ішек микробиоценозының бұзылуы;
  5. Дұрыс тамақтанбау;
  6. Өт қозғалысының бұзылуы және оның бактериостатитті қасиеттерінің жоғалуы;
  7. Ілеспелі таз жұқпасы;
  8. Ферменттер белсенділігінің жоғалуы;

Паразитарлы аурулар

Адам денесінде 150 -ге жуық паразитарлы құрттар мен олардың жұмыртқалары өмір сүре алады. Оның ішінде эхинококкоз, альвеококкоз, аскаридоз, амебиаз және описторхоз ауруларын тудыратын паразиттердің орны ерекше.

Паразит құрттардан сақтанып жүру керек. Адам ағзасына паразит құрттар өте қауіпті.

 

Г.Құдабай

Шымкент қаласы Әл-фараби ауданы СЭББ-ның бас маманы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика