tom: 8pt; text-align: center; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Өрік ағашы
tom: 8pt; text-align: center; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>tories/ee238a193a9cdb7bafcd8b376649e16e.png» width=»448″ height=»336″ alt=»ee238a193a9cdb7bafcd8b376649e16e» style=»vertical-align: middle;» />
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Күннің қызуы көтеріліп, дем алуды қиындататын қапырыққа айналғанда, ауыл халқы күн көзінен саялайтын пана іздеп, үйлеріне бой тасалайтын мезетте біздің есіл-дертіміз — дала. Жазғы демалысқа шыға сала, күннің тымырсығын елемей ,көрші ауылдан ағып келетін арықтың ағын суын жағалаймыз. Тізеге жетер-жетпес суды кешіп келе жатқан біздерге көрші балалар қосылып, ерінбестен тастар жинап, тот басқан ескі темір қалдықтарымен судың ағынын бөгейміз . Ағын суымыз белден асып, тоғанға айналады. Судың тартылғанын сезген төменгі жақтың балалары бізге қызықтап келе бастайды.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>— Өз територияларыңа барып шомылыңдар,- дейміз бейнетпен істеген көлімізді қызғанып.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>— Суды бітемей жіберіңдер, болмаса біз де шомыламыз, — деп қасарысады арасындағы пысықайлары.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Айтқанға амалсыз көнеміз. Жер-көкті басымызға көтеріп, шаршағанша шомыламыз.Кей кездері тұп-тұнық суымызды əлдебіреулер лайлап жібереді. Сонда да судан алыстамаймыз. Су астында «демалмау» ойынын ұйымдастырып, қанша уақыт шыдай алатынымызды жарыса өлшейміз. Оны Қаракөздің пластмаса қол сағаты есептеп береді. Ол сағатты қолымызға бір рет тағу біз үшін -арман. Анамыздың құлағының құрышын жесек те, бірімізге əперсе бәріміздің таласатынымызды білді ме, əйтеуір алып бермеді. Қаракөзге қызыға, қызғана қараймыз.Сонда сол сияқты үйдің жалғызы болғанда ғой, менде де қол сағат болушы еді, қалағанымды тарықпай алар едім деп ойлаушы едім. Дүниенің бар қазынасын алсаңда, бауырларыңнан артық байлықтың болмайтынын ойын баласы түсіне алушы ма еді?
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Қол сағат бəрімізге «әділқазылық» етеді. Су астында тұншығып бара жатсақ та, басымызды көтермеуге тырысамыз. Ұзақ шыдай алмағандар кінәларын жуу үшін , бау-бақшаларына апарып жеміс-жидекке тойғызады бəрімізді. Көбінесе Қаракөзге қолқа саламыз.Су астында ұзақ тұра алмайтындықтан, бақшасындағы өрік ағашына ертіп барады. Дұрысы, өз үйіне ұрлыққа бастап апарады. Анасы мен əкесі таң азаннан қара кешке дейін базарда жұмыс жасайтындықтан, апасынан өзге жан баласы болмайды. Хадиша апа ұрлығымыздың үстінен түссе, таяғын ала айқайға басады. Айқайлағанда даусы тым ащы. Сүйегіңнен өтердей сүйкімсіз даусынан сескенеміз, таяғынан емес.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>— Өріктің бəрін таусытатын болдыңдар, — деп таяғын ала жүгіреді артымыздан. Бəріміз жанұшыра жан-жаққа қашамыз.Бұл қорқыныш ертеңіне-ақ ұмыт болады. Қайта келеміз. Қаракөз апасынының көз шырымын алғанын бақылап келген соң, өрік ағашына өрмелейді. Үйдің шатырымен бірдей ағашты төбеден сілкіп жібергенде, сап-сары өріктер жерге пытырлап түседі.Таласа-тармаса теруге ұмтыламыз.Үсті-басымыздың шіре болғанына қарамай, етегімізге толтыра жинап, өрік ағашынан алыстау жаққа барып, аузымызға тыным бермейміз. Сүйегіне дейін күл-паршасын шығарамыз.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Өрік ағашына өрмелеуді Қаракөз қызық көретін бе еді, əйтеуір биікке шығуды ұнататын. Біз биікке шығуға талпынбайтынбыз. Дайын жемісті жинауға ғана əуес едік. Өзі ширақ қимылдап, ағаштың ең биік ұшына шығып алады. Сол биіктен талай рет құлайтын, жер сүзіп. Алайда ауырған жерін тез ұмытып кетеді де, бізден қалыспай қосылып ойнап кетеді.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Ол өмірдің биигіне шыға алмады. Жер бетін басып жүргенде биіктен көрер ме едік. Жиырмаға жетпей жарық дүниемен қоштасып кете барды.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>×××
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Асығыс. Адам баласының бəрі асығыс. Таң ертеден көзін тырнап ашып, асыға-үсіге жұмыстарына асығады. Кешқұрым шаршап-шалдығып үйлеріне жеткенше асығады. Қаланың тынымсыз шулы тіршілігі жанымды мезі еткенде ауылға жол тартып тұратын əдетім.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Алтынмен айырбастай алмас балалығымның асыр салып ойнаған, тəтті күндерін өткізген ауылымның əрбір жері жаныма ыстық. Əсіресе, үй маңындағы ұшы-қиыры жоқтай көрінетін тоған мен өрік ағашы көзіме оттай басылып, көңілім құлазиды. Ағын су бірталай жылдан бері ақпайды. Тамшы суға зəру. Қаншама рет толқынды тұнық терең суға түстім. Алайда, латоктың ағын суына жетпейді, мен үшін.
tom: 8pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Жаныма жылылық сыйлайтын өрік ағаштары қартайды ма көптен бері өз жемісін бермейді. Сан алуан өріктің дəмін таттым. Дегенмен, Қаракөздің биікке шығып сілкіп беретін сары өрігінің дəміне жетпейді. Ал, қартайған өрік ағашы көлеңкеге ғана жарап тұр.
tom: 8pt; text-align: right; text-indent: 1cm; line-height: 105%;»>Балнұр Сапиева, Шымкент қаласы
Leave a Reply