ҚАЙРАТ НҰРТАС АТЫРАУДАН ЖАҚСЫ САБАҚ АЛЫПТЫ

Қайрат Нұртас Атыраудан жақсы сабақ алыпты

 

Естеріңізде болса Атырауда өткен Қайрат Нұртас пен Серік Ибрагимовтің «Қос жұлдыз» атты концертін ұйымдастырушы кәсіпкердің үстінен атыраулық tories/20151022_103146.jpg» width=»250″ height=»226″ alt=»20151022_103146″ style=»float: right;» />тазалық мекемесі арыз түсірген болатын.  Себебі, әншілер ән кештерін аншлагпен өткізіп кетсе де аялдамаларда, бағандарда, ғимарат қоршаулары, тіпті көп қабатты үйлердің қабырғаларына ілінген концерттің қатты желіммен жапыстырылған жарнамасын алып тастау тіпті қиынға соғыпты. Құлаққа кіретін ескертпе. Ән тыңдаған жақсы әрине. Ал өзіміз күнделікті өмір сүретін қаланың тазалығы одан да маңызды.

«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» — деп айтқан атам қазақ дана ғой.    Белгілі әнші Қайрат Нұртастың Атыраудан жақсы сабақ алғанына шымкенттіктер куә болып жүр. Олай болатыны, Қайраттың Шымқалада  Оңтүстік Циркте 27 қазанда өткізетін «Мен оралам» атты ән кешінің афишаларын бірде-бір аядама мен көше бойының кез-келген жерінен  кездестіре алмайсыз. Автобустардың есігіне жеңіл желіммен жапсырылған жарнамалар заңды деп есептеледі. Үлкен көшелер бойындағы әншінің бейнесі мен  концерті өтетін орны, күні көрсетілген билбордтар да  талғам мен мәдениеттіліктің нышанындай әсер етеді.

Бірақ бұл көшедегі орындықтарына дейін қала тазалығын насихаттаған қалада көше бойында заңсыз жарнама жоқ деген сөз емес. Аттап бассаңыз әлі де кездестіресіз.Танымал әншілердің бейнесі бар жапсырмалар  Шымкентке МузАРТ-тың келіп кеткенінен, Төрағали Төрәлінің келетінен хабардар боласыз.

Соған қарағанда МузАРТ тобы мен Төреғали Төрәлінің концертін ұйымдастырушылар айыппұл төлеп сарсаңға түспеген болу керек. Концерті өтіп кетсе де  МузАРТ тобының концерттік жарнамалары көше бойларында әлі де  бей-берекет ілініп тұр, Төреғали Төрәлінің де 1 қарашада өтетін концертінің жарнамасы да солай, аялдамаларда қаз-қатар тізіліп тұр. 

Негізі, орынсыз жерге ілінген концерт жарнамасы әншінің абыройын түсіретін сияқты. Әнші бол, басқа бол, суретіңнің жыртылып тұрғаны кімге абырой әпереді дейсіз?… Ал, қала басшылығы мен тазалыққа жауапты мекемелері атыраулық әріптестерінен үлгі алғаны жөн-ау.  

Әлия Әбішқызы

 

P.S. Атақты әншінің шығармашылық кешінің болар күніне таяу күндер қалғанда концерттің афишалары көше жағалары мен аялдамаларға қаз-қатар ілініп тасталғанын көріп көңіліміз су сепкендей басылды. Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушыларға Шымқаланың тазалығына үлес қосқаннан гөрі, қалтасының қалыңдағаны маңызды болуы керек?  

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика