«Nur Otan» партиясы өз кандидатын таңдады

Елордада «Nur Otan» халықтық демократиялық партиясы кезектен тыс ХІХ съезін өткізіп, саяси додаға қатысатын өз үміткерін бекітті. Съезд делегаттары партия атынан биылғы кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға Қасым-Жомарт Тоқаевты бір ауыздан қолдаған.

tories/00k.jpg» border=»0″ />

Қ.Тоқаев еліміз тәуелсіздік алғалы бері Отанымыздың сыртқы саясатын қалыптастырған тұлға болды. Мемлекеттік қызметте жүргеніне Кеңес Одағы кезін қоса алғанда 40 жылдан асқан. Енді билік басына да лайықты тұлға деп танылып отыр. Елбасының да Қ.Тоқаевты таңдауы бекер емес. Тұңғыш Президенттің сенімді серігіне айналған ол ел басқарудың қыр-сырын жақсы біледі, еліміздің ішкі және сыртқы саясатына қанық тұлға ретінде партия сенім білдіріп отыр.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика