2024-09-23

СІЗ ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

tories/-010011.jpg» border=»0″ />

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауруы – адамдарда болатын жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы — микробактериялар болып табылады. Бұл ауа-тамшыларымен таралатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын қауіпті ауру. Ең алдымен өкпе, кейде басқа ағзаларды да зақымдайды. Аурудың негізгі жұқтырушы көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайтын ауру.

ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін. Туберкулезге шалдыққандардың 50%-ын 18-44 жас аралығындағы жұмыс істеуге қабілетті адамдар кұрайды;
ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ

Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бактериялар ауаға (ауа тамшылары арқылы) тарайды. Қоздырғышы бар ауаны жұтқан адамдарға бактерия жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Туберкулез бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпеде дамиды.

АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

  • Иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау.
  • Ауыр аурулардың қатар жүруі (ВИЧ/СПИД, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары);
  • Суық тигізу;
  • Кез келген зиянды әдеттер – темекі шегу, ішімдік iшy, есірткі пайдалану;
  • созылмалы күйзелісті жағдайлар;

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ

  • Жөтелдің екі аптадан астам уақытқа созылуы;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Кеуде қуысының ауыруы және шаншуы;
  • Дене салмағының түсуі;
  • Түнгі уақытта терлеу;
  • Тәбеттің төмендеуі;
  • Қатты шаршау және әлсіздік;

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Тексерілу үшін тұрғылықты және оқу орны бойынша медициналық мекемеге жүгініңіз;
  • Уақытында анықталған туберкулез — ойдағыдай айығып кетудің кепілі.

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ! ТУБЕРКУЛЕЗ ТЕГІН ЕМДЕЛЕДІ!

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН-АЛУЫ

  • Жаңа туған нәрестелер перзентханада туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасымен вакцинацияланады, егер нәрестеде медициналық қарсы көрсеткіштері бар болса, екі айға толғанға дейін вакцинацияны емдеу мекемелерінде алады. Ал, екі айдың ішінде вакцинацияны алмаған жағдайда балаға Манту сынамасы жүргізіледі, Манту сынамасының нәтижесі теріс болған жағдайда БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі. 6-7 жастағы 1 сыныпқа баратын балаларға Манту сынамасының нәтижесі теріс болған жағдайда, БЦЖ ревакцинациясы (қайта вакцинациялау) жүргізіледі;
  • 14 жасқа дейінгі «Қауіп тобындағы» (әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан балалар, екі аптадан астам ұзақ жөтелу белгілері бар балалар, әртүрлі аурулардың себебі бойынша педиатрда ДЕ-те тұрған балалар, жабық оқу орындарының балалар, вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі тыртықтары өнбеген балалар, гормондық терапияны қабылдайтын балалар, иммунндық супрессивті терапияны алатын балалар) және туберкулез ошақтарындағы балалардың арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында Манту сынамасымен жылына 1 рет қамтыуы;
  • Міндетті түрде флюорографиялық тексерілуден кем дегенде жылына 1 рет өту;

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРМАУ ҮШІН

  • Салауатты өмір салтын ұстану – жүйелі түрде белсенді дене шынықтырумен айналысу, спортпен айналысу, жақсы демалу;
  • Тиімді тамақтану — бұл ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жетілікті мөлшерде қолдану;
  • Зиянды әдеттерден аулақ болу — темекі, алкоголь, есірткіні тұтынбау;
  • Жеке тазалық тәртібін сақтау – жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу;
  • Таза ауада жиі болып, табиғат аясында демалыс жасау;
  • Үй ішін мезгіл-мезгіл желдетіп, (ылғалды) тазалап отыру;
  • Қақырықты түкіре салмау – аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет.

 

ХАЛЫҚТЫҢ НАЗАРЫНА

Түркістан облысында 2019жылы жоспар бойынша туберкулезге қарсы 41362 жаңа туған нәресте және 42501 6-7 жастағы балалар вакцинациялануға жатады. Ағымдағы жылдыңөткен мерзімінде егілгендер ішінде иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелген жоқ.

2019 жылдың тамыз айының соңында туберкулезге қарсы вакцина (БЦЖ) өндіруші «Japan BCG Laboratory» (Жапония) фирмасы «Туберкулезге қарсы вакцина, БЦЖ лиофилдендірілген глютамат» өнімін қайтарып алып жатыр.

БЦЖ вакцинасын қайтарып алудың себебі – орау барысында анықталған, өндірушінің вакцинада еріткіштен бөтен заттарды табуы. БЦЖ вакцинасының вакцинаға тек өндіруші ғана қоса берген еріткішпен езілетіндігін, басқа өндірушілердің еріткішімен алмастыруға жол берілмейтіндігін атап кеткен маңызды.

Туберкулезге қарсы вакциналау туберкулездің ауыр оқиғаларының дамуына және оның асқынуларына жол бермеуге жағдай жасады.

Мысалға, туберкулезбен ауру-сырқаулық соңғы 10 жыл ішінде 2,0 есе (100 мың тұрғынға 2009 жылғы 78,1 бастап, 2018 жылғы 38,4 дейін) төмендеген.

Қалыптасқан жағдайды, яғни, Қазақстанға байланысты емес себептермен туберкулезге қарсы вакциналауды тоқтата тұруды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қауіпсіз және тиімді вакцинамен қамтамасыз ету бойынша жан-жақты шараларды қолданып жатыр.

Осыған орай, республикамызда БЦЖ вакцинасының уақытша жоқтығын ескере келе, «Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №994 бұйрығына сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған босанғанға дейінгі кезеңдегі жүкті әйелдер арасында және перинаталдық орталықтарға (перзентхана бөлімшелеріне) босануға түскен кезде шығару кезінде, нәрестеге үйіне шыққан соң туберкулез ауруын жұқтырмау мақсатында отбасының ересектері мен жасөспірімдері флюоротексеруден, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында бір жыл ішінде Манту сынамасы бойынша тексерілмеген балалар болған жағдайда, оларға Манту сынамасымен тексеру жүргізіледі.

Вакцина келіп түскеннен кейін, осы вакциналауды жіберіп алған әрбір баланың туберкулезге қарсы вакциналау алуын әрбір ата-анадан қамтамасыз етулеріңізді қатаң ұсынамыз.

Есіңізде болсын, туберкулез емделетін ауру. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!!!

 

Н. НЫШАНОВ,

Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика