Қаратөбеге назар аударсақ, қала тарихы 200 жылға тереңдейді

Қаратөбе. Шымкент қаласындағы «Индустриялық аймақ» жанындағы төбе осылай аталады. Бірақ бұл төбе – жай төбе емес, тарихы сонау б.з.д. ІІ ғасырдан б.з. ІV ғасыр аралығындағы замандарға кететін көне қаланың орны.

tories/0ka.jpg» border=»0″ />

Археологтардың айтуынша, бұл мекеннің тарихы ежелгі Қаңлы (Кангюй) мемлекеті заманына тұспа-тұс келеді. Төбеге шыға қалсаң, неше ғасырдың сырын бұққан құмыра мен түрлі керамика сынықтары көп кезігеді.

Ары-бері төбе маңынан жолай өткенде аталған ескерткіштің мүшкіл хәлі ішті ашытып жіберетіні бар. Бүгінгі күні төбенің бір жағы толық қопарылып, ашық топырақ алу карьеріне айналған. Осы заманғы техника күшімен көне қаланың орны тып-типыл болмақ. Көне ескерткіштің жойылуына ең бірінші Шымкент секілді ірі елді мекенге жақын орналасуы себеп болса, екінші себеп – тұрғындар мен жауапты тұлғалардың тарихи құндылыққа атүсті қарауы. Бүгінгі күннің өткінші тірлігі үшін өткен заманның тарихи маңызды ескерткіштерін жою әрекеті – өз құйрығын өзі жұтқан ертегідегі айдаһардың әрекетін көз алдыңа әкеледі. Осылайша көне тарихтың тағы бір жәдігері көз алдымызда жоғалып барады. Қолда бар жауһардың қадірін неге білмейміз?!

Соңғы кездері көне Шымкент қала жұртын зерттеу қолға алынып, орнында үлкен музей құрылмақ. Сол музей қарамағына осы Қаратөбені де енгізсе, жөн болар еді. Мамандар Шымкент қаласының тарихына 2000 жылдан астам уақыт болғанын дәлелдейтін заттай айғақтар табылғанын айтып жүр. Оған Қаратөбенің тарихы қосылса, қала тарихын кемінде тағы 200 жыл тереңдетуге болады.

Авторы Сейдалы ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика