Әлеуметтік көмек алу екі есеге ұлғаяды

Шымкент қаласы әкімдігінде Ақпараттық коммуникация орталығы алғаш жұмысын бастап, брифинг өткізді. Аталған жиынның мақсаты – Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын жан-жақты насихаттау. Бұл баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Мамытқызы, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев пен БАҚ өкілдері қатысты.

tories/0br.jpg» border=»0″ />

Брифингті ашу барысында қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова «Өздеріңізге белгілі, «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII съезінде Елбасы аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында мемлекеттік бастамалар ұсынды» дей келе, тақырыптың аясын аша түсті:

– Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ, балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталады. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге көмек төленеді. Бұл дегеніміз күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды, – деді орынбасар.

Өз кезегінде Гүлжан Мамытқызы «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақыттағы жоспарларға да тоқталды.

– Бүгінгі таңда пилоттық режимде «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық электронды порталы жұмысын бастауда. Оның негізгі мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың қайрылымдылық іс-шараларын реттей отырып, электрондық портал арқылы аз қамтылған отбасыларға ашық және біріңғай әлеуметтік көмектер ұйымдастыру. Аталған әлеуметтік портал сәуір айынан бастап іске қосылып, жыл соңына дейін жағдайы өте төмен 1289 отбасыға көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, толығымен автоматтандыру үшін мобильді «Ел-Көмек» әлеуметтік порталы жүзеге асырылады. Бұл – өз кезегінде аз қамтылған отбасыларға берілетін бір реттік көмек, зейнеткерлерге санаторлы-курорттық емделуге, мүгедектерге берілетін құралдар және «Инва такси», «Әлеуметтік таксиді» онлайн режимде мекемеге келмей, үйде отырып алуға болады деген сөз. Жоба жүзеге асқанда Қазақстанда бірінші болып Шымкентте әлеуметтік сала цифрлық форматта жұмыс істейді – деп, орынбасар жақсы жаңалығын жеткізді.

100 МЫҢНАН БІР РЕТТІК КӨМЕК

Бринфинг соңында Г.Құрманбекова тұрғындардың атаулы əлеуметтік көмекке байланысты сауалдарына әр аптаның сәрсенбі күні 09:00-ден 18:00-ге дейін Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында өзі қабылдау жүргізіп отырғанын, одан бөлек, қаламыздағы 4 аудан әкімдіктерінде және басқармаларда «Ашық есік» күндері өтіп жатқанын, ал алдағы уақытта аталған 4 ауданда осы əлеуметтік көмек сұрақтарына байланысты арнайы телефон жұмыс істейтінін айтты.

Осы ретте БАҚ өкілдері тарапынан сауалдар қойылды. Көптің көкейінде жүрген сұрақтарға Гүлжан Мамытқызының берген бір-екі жауабына тоқтала кетсек:

«Шымкент қаласында əлеуметтік жағдайы өте төмен 5 мыңға жуық отбасы бар. Осы отбасыларға қалалық бюджет тарапынан 500 миллион теңге бөлініп, тамыз айында əр отбасыға 100 мыңнан көмек беріледі».

«Қаламызда өз-өзін қамтамасыз етіп, күн көріп отырған отбасылар – 30 пайыз шамасында. Олар айына 2525 теңге төлеп, бірыңғай төлемнің (42 500) зейнетақылық анықтамасын ала алады».

«Атаулы əлеуметтік көмекке құжат шартты жəне шартсыз деп қабылданады. Шарттыдағылар 6 ай сайын қайта тапсырып тұрса, шартсыздар – 90 күнде. Шартсызға – жұмысқа қабілеті жоқ мүмкіндігі шектеулі жандар, шарттыға мемлекеттен берілген қайтарымсыз көмекті алып, ары қарай өз ісін дөңгелетіп кетуі керек кісілер кіреді. Ал құжат тапсыруда халықты сабылтпайтын түрі қолданысқа енеді» дей келе, орынбасар бұл брифингтің алдағы күндері жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша өткен жылы 10774 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, бұл көрсеткіш 2019 жылы 1 сәуірден бастап 20000-нан астам отбасыға дейін ұлғаяды.

«Қызмет» ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика