Транспорт
Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тиімді және жедел түрде көрсету» жайлы баспасөз жиыны өтті. Баспасөз мәслихатына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Инновациялық даму және цифрландыру департаменті басшысының орынбасары С.Мырзаханова, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Е.Жолдасов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қызметті дамыту басқармасының бас сарапшысы Ж.Гильманова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы Қ.Аманжолов қатысты.
tories/27092019-444.jpg» border=»0″ />
Көлік комитетінде аумақтық инспекциялар тарапынан жалпы 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бекітілген. Әр сала бойынша тоқталып өтсек:
Автомобиль көлігі саласында – 7 қызмет түрі,
Темір жол көлігі саласында – 3 қызмет түрі,
Су көлігі саласында – 9 қызмет түрі бекітілген.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласының тұтынушылар тарапынан тек 8 мемлекеттік қызмет түрлеріне сұраныс басымдау. Бүгінгі күнде, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттерінің ашықтығы және халыққа қолжетімділігінің арқасында тұтынушылардың құқықтық сауаттылығы өскен және ұсынылатын қызметтердің сапасын бағалауға мүмкіндік берілген. Инспекция тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету түрлері толықтай ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде («электрондық үкімет» веб порталын www.egov.kz, www.elicence.kz қоспағанда) көрсетіледі.
«Қызмет-Ақпарат»
Leave a Reply