Үміткерлердің сайлауалды теледебаты өтті

Елімізде кезектен тыс Президент сайлауына қатысушы үміткерлердің теледебаты өтті. Пікірталас белгіленген тәртіппен «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде болды. Теледебатқа барлық үміткерлер және олардың сайлау штабы басшылары: президенттікке үміткерлер Ж.Ахметбеков, Ә.Қосанов, А.Таспихов, С.Түгел, М.Әшімбаев (Қ.Тоқаевтың штаб басшысы), А.Перуашев (Д.Еспаеваның штаб басшысы), Ә.Бектаев (Т.Рахимбековтың штаб басшысы) қатысты.

tories/00tok.jpg» border=»0″ />

Теледебат 3 раундтан тұрды. Алғашқы раундтың бірінші турында қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырса, екінші турында оппоненттер «Сұрақ-Жауап» пікірталастық сессиясы арқылы бір-біріне сауалдар жолдап, тиісінше жауаптарын жолдады. Бұл турда оппоненттерге 2 рет сұрақ беруге рұқсат беріп, үшіншілері дайындап келген сауалдарын бере алмай, басқа оппоненттеріне беруге мәжбүр болып жатты. Бірінші раунд басқа үміткерлердің «НұрОтан» партиясы өкіліне қойылатын сауалдары көп екенін танытты.

Екінші раунд «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы» тақырыбында өтті. Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар таңдалған тақырыпта баяндама жасаса, екінші турда жүргізушілердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Үшінші раунд «Сайлаушыға арналған сөз» деп аталып, теледебатқа қатысушылар өздерінің бағдарламаларының артықшылықтары мен көтерген мәселелерін шешу жолдары туралы тоқталып, сайлаушыларға арнап сөз сөйледі.

Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған теледебаттың әр бөлімінің уақыты саналып, қатаң қадағаланды. Қатысушылар өздеріне берілген уақыттың әр секундына дейін дайындалып келгені көрініп, маңызды ақпараттарды сыйғызуға тырысты. Теледебат арқылы сайлау қарсаңында үміткерлерге сайлауалды бағдарламалары мен тезистерін түсіндіруге, ал сайлаушыларға үміткерлер туралы мәлімет алуына ерекше алаң құрылып, мүмкіндіктер қарастырылды. Пікірталас оппоненттердің арасында қызу тартысты өтті.

«Қызмет – ақпарат»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика