ШЫМКЕНТТЕ «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Шымкентте «Егемен Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы» атты іс-шара өтті. Сайрам мәдениет үйіндегі жиынға жергілікті тұрғындар, оқушылар мен мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысты.
Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен мерекелік басқосуда басқарманың бөлім басшысы Серғазы Әбілхаиров құттықтау сөз сөйледі.
– Өздеріңізге белгілі, биыл 25 қазан – Республика күнін мереке ретінде Жарлығымен бекіткен Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы болуы керек екенін атап өтті. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық құндылық жоқ. Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері егемен Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткізді. Бүгінде еліміз алып құқықтық-демократиялық ел ретінде әлемге танылып отыр. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын бейбітшіліктің шуақты күні сіздерге иігілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс-ынтымақ тілеймін! Тәуелсіздік жылындағы толағай табыстар одан әрі арта берсін! – деді Серғазы Кәрімұлы.
Еліміздің тәуелсіздігін жариялап, өз тағдырын өз қолына алуы, бір жағынан зор мақтаныш, қуаныш болса, екінші жағынан, үлкен тарихи жауапкершілік. Отыз жыл ішінде Қазақ елі осы бір маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, болашаққа нық сеніммен қарады, өзінің ұлттық әлеуетіне толық сенді. Артта қалған үш онжылдық кезең­ге бүгіннің биігінен қарайтын бол­сақ, еліміз үшін өте сындарлы және айтулы кезеңдер екені анық. Тәуел­­сіз­дігіміздің алғашқы жылдары әртүр­лі шетелдік басылымдарда еліміз­дің бо­лашағына күмән келтіріп, ерте­ңіне сенімсіздікпен қарайтын мақа­ла­лар шыққаны белгілі. Оларда қазақ хал­қы­ның мемлекеттік дәстүрі болмаған деген ойлардың айтылғанын бәріміз біле­міз. Отызжылдық тарихымыз ондай теріс пікірлердің бәрін жоққа шығарып, өзі­нің мемлекетшіл ұлт екендігін, мем­лекеттілік тарихының кем дегенде үш мыңжылдық шежіресі бар екендігін қазіргі күнде дәлелдеп отыр.
Жиында елдің дамуында елеулі еңбек сіңірген бірқатар азамат Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында білім беру және мәдениет саласының мамандары және қоғамдық жұмыспен айналысатын қызметкерлер бар.
Салтанатты жиын бұдан кейін жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Ал жиынға қатысушыларға мерекелік белгі ретінде сыйлық үлестірілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика