МЕРЕКЕ САЙЫН МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ЕРЛЕЙДІ

tories/001mura.jpg» border=»0″ />

Мереке көп. Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, атаулы күндер, кәсіби мерекелер. Және соның бәрі көпшіліктің қатысуымен кеңінен аталып өтеді. Өңір тұрғындарының көңілі көтеріңкі болуы үшін мән-маңызына қарай өнер майталмандары, қонақтар шақырылып жатады ондай жиындарға. Ұйымдастыру жұмыстарының шәт-шәлекейі өз алдына, қоғамдық тәртіптің қадағалануы да өз дәрежесінде болуы керек. Кез-келген ауқымды шара үлкен еңбек пен ұйымдастырушылық қабілет пен бірге, тазалықты, дұрыс үйлесімділікті талап етеді. Еліміздегі ең ірі, халқы көп саналатын Шымкент қаласы үшін бұл өте өзекті. Осының бәрін кім ұйымдастырып, кім бақылайды? Әрине, мәдениет, ішкі саясат, білім, тәртіп саласының қызметкерлері. Жинақтап айтсақ, мемлекеттік қызметкерлер. Оны біріміз біліп, біріміз білмейміз. Білсек те мән бере қоймаймыз. Әр мерекенің өз деңгейінде өтуінде мемқызметкерлердің қанбаған ұйқысы, уақытпен санаспай еткен ерен еңбегі жатыр. Әр мереке, маңызды іс-шараларда мемқызметшілер шын мәнінде ерен еңбектің үлгісін көрсетеді. Сол себепті де мереке сайын мемқызметкерлер ерлейді, яки ерен еңбектің үлгісін көрсетеді деуге толық негіз бар. Бірақ олардікі көрінбейтін еңбек. Мемлекеттік қызметші жайлы әңгіме қозғалғанда көпшілігіміздің санамызда мұнтаздай киініп алып, салқын бөлмеден шықпай отырған қызметкер елестеуі мүмкін. Алайда, олай емес.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің ел алдындағы мәртебесі көтеріліп, талап күшейіп, жұмыстарында бір жұмырлық көрініс таба бастағаны анық. Себебі уақыт соны талап етіп тұр. Оған дәлел бүгіндегі мегаполис атануға ұмтылып, Қазақстандағы үшінші қала атанған Шымкент қаласы аумағындағы өзгерістер. Мемқызметшілердің мамыр айындағы жұмысы тым қарбалас болды. Бірінен кейін бірі маңызды мерекелер аталып өтті. 1 мамыр, халықтар бірлігі күні тойланды. Одан соң 7 мамыр Отан қорғаушылар күні келді. Оның ізін ала бере Жеңіс күні — 9 мамыр мерекесі үлкен шаттықпен аталып өтіледі. Биыл да мерекелерді атап өтуге жаңашылдықтар енгізіліп, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары аталмыш мерекелерде үлкен де ауқымды шараларды тамашалады. Мәдени іс шаралар тың идеялар, шығармашылық ізденісті талап ететіні анық. Ал, осы атқарылған істердің көрінбейтін тұсында қаншама мемлекеттік қызметшілердің еңбегі, қаншама мемлекеттік қызметшілердің идеясы жатыр. Аталған мерекелерде ешбір саябақ, ешбір демалыс аймағы бос болған жоқ. Қала халқының мерекені көңілді де қызықты етіп тойлауына, оны тыныштықта, ешқандай уайым мен қорқынышсыз өткізуіне барынша жағдай жасалды. Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің арқасы екенін айтпай кетуге болмайды. Осы ауқымды шараларды қалалық әкімшілік пен қаланың мәдениет және тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырса, қаланың тыныштығын күзететін полиция ел дем алып мерекелегенде, тыным таппай күндіз-түні қызметте жүреді. Одан өзге де қаншама біз бақылап біле бермейтін, көзге түсе бермейтін тірліктер бар. Соның барлығын мемлекеттік қызметшілер реттеп, тігісін жатқызып, қала тұрғындары мен қонақтарына мамыр айында тамаша мерекелік күндер сыйлады. Демек, мемқызметшілер ерледі.

Осы ауқымды шараларға белсене атсалысатын мекемелердің бірі Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Аталмыш мекеме басшысы Мұрат Серікбайұлы (суретте):

«Мемлекеттік қызметші ең алдымен өзіне берілген жауапкершілікті сезіне білуі тиіс. Ал жауапкершілікті сезіне білген әрбір мемлекеттік қызметші өз ісіне тиянақты болады. Әрине, мұндай ауқымды мерекелік шараларда көптің көңілінен шығуға тырысамыз. Елбасымыздың өзі атап өткендей, Шымкент – еліміздегі үшінші қала. Сонымен қатар қаламызда мәдени оң өзгерістер баршылық. Халықтың, Шымкент қаласына келетін қонақтардың демалуына, Шымкент қаласын аралап шығуына жағдай жасалған. Ал іс-шаралар мен мәдени кештерді барынша қаламыздың статусына сай етіп ұйымдастыруға тырысамыз. Сонымен қатар кез-келген іс-шарада еліміздің мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрлерін ескеруге тырысамыз. Біздің өңір өзінің ұлттық болмысымен ерекшеленеді. Біз сол болмысты бұзып алмауға, сақтап қалуға барынша еңбек етудеміз. Жасалып жатқан игі шаралардың, мерекелік іс-шаралардың барлығының бағасын беретін халық. Халықтан ұлы, көптен биік ешкім жоқ дейді.

Мекеме басшысы келтірген мына дерекке назар салыңыз.

tories/001mura1.jpg» border=»0″ />

2009 жылы Шымкент қаласында халыққа мәдени тынығу қызметін көрсететін 52 мәдениет нысандары болса, 2016 жылы олардың саны 98-ге жеткен. Осының өзінен Шымкент қаласындағы мәдениет саласының даму көрсеткіші бола алады. Біздегі кез-келген даталы мереке мен ұйымдастырылуы ауқымды жоспарлармен бекітіліп, содан соң еленіп, екшеліп барып халыққа ұсынылады» дейді.

Иә, расында да мемлекеттік қызметші қоғаммен тығыз байланысты. Және Елбасының тапсырмасы аясында қызмет етіп, ел мен мемлекет арасындағы алтын көпір іспетті. Өздерінің мәртебелі міндеттеріне сай олар өз қызметтерін барынша адал атқаруға тырысуда. Демек, біздің тыныштықта өмір сүріп, керемет демалыс күндерін өткізуімізге септіктерін тигізіп, ел үшін еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегін аз да болса бағалай білуіміз керек. Боямалап, немесе көтермелеп айтқандық емес, себебі, олар ел үшін қызмет етуде.

А. БАҚЫТ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика