АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ – ҚАЗАҚ ҮШІН ОЛЖА

tories/001agyl.jpg» border=»0″ />

Бұл әлемге танымал Ұлттық ғылым Академиясының академигі Асқар Жұмаділдаевтың айтқаны. Үш тұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.

Бұл орайда тіл үйренем деушілер қазақ тілімен қатар ағылшын тілін меңгеруге талпынып жатыр. Бұл бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде

Мен бұл мақаланы қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жатырған үш тұғырлы тіл мәселесіне арнағым келді. Себебі үш тілділік саясатының жүзеге асырылуы білім саласының маманы ретінде мені де алаңдатады. Осы саясатты жеке азаматша ретінде де, осы білім саласының маманы ретінде де қолдаймын.Себебі елімізді әлемге таныту үшін, өзіміз әлемді тани білуіміз үшін де ағылшын тілін меңгерудің маңызы өте зор деп есептеймін.

Барлық уақытта да реформа қиындықпен енетіні баршаға мәлім. Қазақстанның даму саясатында үштілділік саясаты бірнеше жыл бұрын қолға алынған. Назарбаев зияткерлік мектептері, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейлерінде, басқа да ақылы мектептердің оқушылары оқуын тәмамдағанда бірнеше тілді меңгеріп шығатынының куәсі де болып жүрміз.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының төртінші басымдығында «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды» делінген. Осы орайда Білім және ғылым министрі

Ерлан Сағадиевтің халық алдына берілген есебінде «Үштілді білім беру» кезінде негізгі басымдық қазақ тіліне беріледі. Біз бүкіл жаппай халықтың қазақ тілін меңгергенін көздейміз.Орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетінен бөлек Қазақстан тарихы да тек қазақша оқытылады. 2019 жылдан бастап химия,биология,физика және информатика сабақтары жоғары сыныптарда таза ағылшын тілінде өтеді. Ал орыс тілі, литература, дүние жүзі тарихы сияқты үш пән барлық мектептерде орысша жүргізіледі» деген болатын. Білім саласында жаңашылдық, өзгерістер мен реформалар жиі болуы – қалыпты үдеріс деп ойлаймын. Өйткені әлем күн сайын өзгеруде,заман талаптары жоғары,сондықтан біз заманның ағымына ілесіп,жаңашылдықпен жаңарып отыруымыз керек.

Әрбір адамның пікірі мен көзқарасы құнды, дегенмен көпшіліктің пікірінше үштілді болу қазақ тілін жоюдың бірден бір амалы немесе қазаққа жасалған қиянат деп ойлайды. Мен бұл пікірге түбегейлі қарсымын. Әр қазақ қазақ тілін білуге міндетті, себебі қазақ тілі – ана тілі. Ал орыс тілін қоршаған орта үйретеді, ал ағылшын тілін мектеп үйретпесе, бала қайдан үйренбек?! Ағылшын тілін үйренгісі келетін баласына мектептен тыс курсқа апарып оқытатын барлық ата-аналардың қалтасы көтермейді. Мектепте ағылшын тілі сабағынан бөлек,жаратылыстану пәндерін де ағылшынша оқытса, баланың өмірге, әлемге деген көзқарасы кеңейеді, білімі арта түседі.Сөздік қоры молаяды, ғылымның тілін білуге құштар болады. Мектеп бітіргеннен соң шетелдің оқу орындарына түсуіне мүмкіндігі көбейеді. Тіпті, шетелге оқығысы келмегеннің өзінде де, шет елдерді көру, аралау, шет елдерде демалу кезінде де осы ағылшын тілін білуі көп септігін тигізеді.

Ұлттық ғылым Академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев «Үштілділік және Қазақстан мүддесі» атты кездесу сұхбатында:

«Бүкіл ғылыми әдебиеттің 80%-ы ағылшын тілінде жазылады, бүкіл бизнес,бүкіл технология ағылшын тілінде айтылады.Сондықтан ағылшын тілін үйрену – қазақ үшін олжа» — деп айтқан екен. Әр тілдің өз пайдасы бар. Біз ұстаздар қауымы елге мықты қорған болып, оған лайықты қызмет ету үшін жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуіміз қажет.

Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар жол десек, үш тұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың игі бастамасы. Үш тілді меңгерген жас ұрпақтың болашағы жарқын, алар асуы мен бағындырар белесі мол болары хақ.

Б. СӘРСЕНБАЕВА,

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика