tories/001memk.jpg» border=»0″ />
Конкурс, Агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздың № 06-7/32 бұйрығы бойынша Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ала аласыз.
Тестілеу барысында келесідей тест түрлері қолданылады:
· логикалық тест;
· мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
· Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест.
Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барсында келесідей тестердің түрлері:
· кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
· мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
· Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест қолданылады.
Кандидаттар және қызметшілер өзімен жеке куәлігін (немесе төлқұжат) алып келу керек. Құжатсыз, жеке куәліксіз кандидаттар және қызметшілер тестілеуге жіберілмейді.
Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік программа көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен үміткерлерге және қызметшілерге тестілеу әкімшісінің қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі.
Тестілеудің нәтижелері туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде ресімделеді және мемлекеттік органның кадр қызметіне тапсырылады.
Leave a Reply